Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысы прокуратурасының мәлімдемесі - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысы прокуратурасының мәлімдемесі

Төтенше жағдай тәртібін сақтауға шақырамыз!

Коронавирус инфекцияның пандемиясына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті ағымдағы жылдың 16 наурызынан бастап елдің барлық аумағында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойған еді. Осы орайда, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы үрейге салынбау, сабырлық таныту, заңдылықты сақтап, уәкілетті органдардың талаптарын орындау, тыйым салу және шектеу шараларын сақтау, жалған хабарламаларға мән бермеу және ақпараттың ресми көздеріне ғана сену қажеттігін ескертеді.
Жоғарыда көрсетілген ескертулер мен заң талаптарын түсіндірулерге қарамастан, төтенше жағдай тәртіптерінің бұзылу жайттары облысымыздың әр өңірінде орын алып жатқандығын атап өту керек.
Мәселен, ағымдағы жылдың 18 наурызында облыс орталығында «Altyn Shanyrag» мейрамханасында 100-ден астам адам қатысқан банкет өткізілген. Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының ағымдағы жылдың 19 наурыздағы шешімімен мекеме иесі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Шет елден келген 71 жастағы Көкшетау қаласының тұрғыны карантин шартына сәйкес, міндетті түрде ауруханаға жатудан бас тартып, санитарлық және полиция қызметкерлерінің заңды іс-әрекеттеріне қарсылық білдірген. Аталған факті бо-йынша полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 304-бабы (санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Төтенше жағдай тәртібіне сай кез-келген заңға қайшы жасалған әрекеттер жауапкершілікке ұшырататынын естен шығармаған жөн.
Экономикалық тергеу департаментімен осы жылдың 19 наурызында жеке кәсіпкердің медициналық маскаларды жоғарылатылған бағамен сату оқиғасы анықталып, кәсіпкерден тәркіленген 10 мың дана маска облыстық денсаулық сақтау басқармасына берілді.
Төтенше жағдай режимін сақтауды қамтамасыз ету жұмыстары одан әрі жалғасуда. Уәкілетті органдар төтенше жағдай тәртібін бұзғандарға қарсы заң шеңберінде тиісті шаралар қолданатын болады.
Күрделі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ағымдағы жылдың 19 наурызында сағат 00:00-ден бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия карантин енгізгенін, қалаға көлік кіру шектелгендігін еске саламыз. Карантин жалпы қауіпсіздік мақсатында енгізілді, оның басты міндеті қатаң бақылау енгізу арқылы инфекцияның таралу тізбегін үзу.
Прокуратура органдары аймақ тұрғындарына жол кедергілерінде шиеленістер жасамауды, елордаға жаяу өту әрекеттеріне бармауға кеңес береді. Қоғамдық тәртіпті сақтау және жағдайды тұрақсыздандыруға жол бермеу мақсатында азаматтарды заңсыз іс-әрекеттер жасамауға, оның ішінде шындыққа жанаспайтын мәліметтерді таратпауға және арандатушылыққа жол бермеуге, сабырлық сақтауға шақырамыз. Жалған ақпарат таратқаны үшін Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделетінін ескертеміз.
Қазір полиция қызметкерлері облыстың екі тұрғынына қатысты коронавирус туралы жалған ақпарат таратқандары үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Ағымдағы жағдай туралы сенімді ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.
Құрметті Ақмола облысының тұрғындары, еліміздің әрбір азаматының мүддесі үшін уақытша шектеу шараларын сақтауды сұраймыз. Тек осылай ғана біз бүгінгі күннің сын-қатерлерін жеңе аламыз.
Ақмола облысының прокуратурасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар