Бүгінде қаупі дендеп бара жатқан коронавирус жұқпасын тұншықтыруға тек сақтық шаралары ғана көмектесе алады. Бұл аурудың алдын алып, жұқтырмаудың амалы жоқ емес, бар. Ол үшін ағзаңызды вирусқа қарсы күресе алатындай етіп қуаттандырып, иммунитетіңізді көтеруіңіз керек. Сонымен, вирусты жұқтырмау үшін маска тағу, көбірек су ішумен қатар,төмендегі кеңестерге құлақ түргеніңіз абзал.
Біріншіден, айналамызда вирус қаупі тұрғанда суық тиюден, тұмауға шалдығудан, салмағыңызды жоғалтудан, диета ұстаудан сақтаныңыз. Мейлінше, құнарлы, нәрлі тағамдарды тұтынуға, көбірек көкөніс пен жеміс жеуге тырысыңыздар. Күніне кем дегенде 1,5-2 литр сұйықтық ішіңіз. Сонымен қатар, тазалықты сақтап, бөлмеңізді ылғалдандырып отырыңыз. Кішкентай балалардың да қауіпсіздік шараларын жүйелі жүргізіңіз. Міне, осы кеңестер сізді қауіптен сақтай алады.
Екіншіден, вирусқа қарсы дәріні дәріханадан емес, ас үйіңізден іздеңіз. Оның пайдасы орасан зор. Нақтырақ айтқанда:
САРЫМСАҚ – табиғи антибиотик ретінде кеңінен танымал. Оның құрамындағы аллиин, терпен мен сапонин кез-келген инвекцияны, вирусты жоя алатын қабілетке ие. Десек те, тап осындай емдік қасиетімен танылған иісі өткір, дәмі ащы көкөністің тізімін мына азықтар да толықтыра алады екен.
КАРТОП. Оның құрамы А, В1, В2, В5, В6, С, Е, К дәрумендеріне және ниацин, фолий қышқылына бай. Картоп бәріміздің сүйікті көкөнісіміз. Әсіресе, қуырылған картопты ұнатпайтындар кемде-кем шығар. Алайда, саулығымыз үшін картопты қайнатып жеген дұрыс екен. Қайнатылған картоп калий, кальций, магний, темір, йод, кобальт, марганец, мыс, молибден, күкірт, фтор, мырыш, натрий және фосфор элементтерінің қайнар көзі болып табылады. Қайнатылған картоп вирусқа қарсы күресе алады. Сонымен қатар, ерте қартаюға жол бермейді, қан тамырлардың қабырғасын холестериннен тазалайды. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі вирустан сақтану үшін қайнатылған картопты көбірек жеңіз.
СӘБІЗ. Жыл бойы ас үйімізден табылатын сәбіз де вирусқа қарсы күресе алатын көкөністер тобына жатады. Құрамы А, С, Е, D, РР дәрумендеріне бай сәбіз иммундық жүйені нығайтады, ағзаны вирус пен бактерияға қарсы күресуге қуаттандырады.
АЩЫ БҰРЫШ. Иісі мен дәмі ерекше ащы бұрыштың да алатын орны ерекше. Ол құрамындағы капсаицин заттегінің арқасында вирусқа қарсы дәрі қызметін атқарады. Сондықтан да, күнделікті тамағыңызға, салатқа ащы бұрыш қосуды ұмытпаңыз.
Мамандар мұнан бөлек саумалдық, қырыққабат, брокколи және гүлді қырыққабат сынды көкөністерді жиі жеуді ұсынады. Оған қоса, балықтың да көмегі керемет екенін ескертеді. Тамақ арасында, бесіндік асқа жаңғақтың түрлерін тұтынғаныңыз абзал. Оның құрамындағы Е дәрумені мен селен, мырыш, мыс элементтері қауіпті вирус пен бактерияға қарсы тұра алады.
Міне, осы көкөністер сіздің ағзаңызды қуаттандырып, саулығыңызды сақтай алады.
Интернет материалдары бойынша дайындаған Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.