Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Аппақ менің ақ енем - АРҚА АЖАРЫ

Аппақ менің ақ енем

Ақжаулықты ана Дарихима Құрманованы зеренділіктердің көбі жақсы сынықшы ретінде таниды. Құдайдың құдыретімен бойына біткен осынау қабілетінің арқасында анамыз алдына дәру іздеп келген біраз адамға қол ұшын берген еді. Бүгінде анамыздың сексеннің сеңгіріне аман-есен жетіп, немере-шөберелерінің қызығына бөленіп отырғаны көпшіліктің алғысы мен ақ тілеуінің арқасында деп білеміз.

Ол кісінің шын есімі Дарихима болғанымен, бәрі Дәраш деп айтады. Осы бір аяулы жанның келіні болғаныма тағдырыма ризамын. Менің қайын енем он баланы дүниеге әкелген алтын құрсақ ана, «Алтын алқа» иегері. Ол кісіден үйренгенім көп болды. Өз анамнан ерте қалғасын, қайын енемді туған анамдай көремін.
Мен келін болып түскенде енем өзі жалғыз он шақты бие, сонша сиыр сауатын. Саба-саба күбімен қымыз сапыратын. Енемнің жас кезінде өте сұлу болғанын, тұрмысқа ерте шықса да, шаруаға епті болғанын абысындары жиі айтып отыратын.
Енем Дарихима Құрманова 1939 жылы 8 қыркүйекте Зеренді ауданына қарасты Қызылсая ауылында дүниеге келген. Тұрмысқа шыққаннан кейін алпыс жылға жуық ғұмырын Жолдыбай ауылында өткізді. Ауылда тұрғаннан кейін өмірі ауылдағы тынымсыз тірлікпен біте-қайнасып, үй шар-
уасын да, бала тәрбиесін де ұршықтай иіріп отырды. Жолдасы жұмыста жүргендіктен, үйдің бар тірлігі осы кісінің мойнында еді. Қазір ауылда тұратын келіншектердің бәрі сүт жинап, сары май былғайды дей алмаймыз. Менің енем ауылда тұрғанда жаз бойы қарынға май салатын. Ол кезде ауылдағылар сүтті сатуға өткізбейтін. Бірнеше сиыр сауып, оның сүтінен май-қаймақ, ірімшік алатын. Ал, қазір бұл өнімдердің ауыл тұрғындарының көбінің дастарханынан табыла бермейтіні өкінішті-ақ. Сондай кезде енемнің ақ мол дастарханын сағынамын.
Енем төрт түлікті қадірлеуді үнемі есімізге салып отыратын. Жоғары оқу орнында оқымаса да, мақал-мәтелді көп білетін. Бізге төрт-түлік туралы айтқанда, «Малға қарасаң, бағып-қақсаң ғана мал өседі» деп мақалдап сөйлейтін. Кейде байқамай ақты төгіп алсақ, малдың кепиеті атады дейтін. Жасыратыны жоқ, көбіміз сүтті, қаймақты қалдығын сыдырмай, ыдыстан-ыдысқа құя саламыз. Менің енем ақтың бір тамшысын да қалдырмай, саусағымен түгелдей сыдырып алатын. Атам екеуі ауылда қора-қора мал ұстап, соның арқасында балаларын үй қылды.
Қайын атам екеуі жеті ұл, үш қыз тәрбиелеп өсірді. Тұңғыштарының есімі Боранбай. Одан кейін Мәнап, Нұрғабыл, Байғабыл, Сайлау, Оразбек, Жаңбырбай, Дәрия, Рабиға және Жәмилә есімді ұл-қыздары дүниеге келді. Балаларының бәрін оқытты, орнықтырды. Қайын атам 1997 жылы дүние салды. Ал, енем үш жылдан бері Көкшетау қаласында немересі Әскербек және келіні Әселмен бірге тұрады.
Қайын енемнің тағы бір ерекше қасиеті, мамандық алмаса да, есепке жүйрік. Халқымыздың тыйым сөздерін, ырымдарын әлі күнге дейін немере-шөберелеріне айтып отырады. Жоғарыда сөзімді енемнің сынықшылық қасиетінен бастауым тегін емес. Ақжарқын мінезінің, сынықшылық қасиетінің арқасында Дәраш анам Жолдыбай ауылында, көршілес ауылдарда да сыйлы болатын. Әлі де солай. Алтын құрсақ анамызды танитындардың бәрі оны ерекше құрметтейді, жақсы көреді. Алдына келген адамнан бір тиын алмастан, шығып кеткен буынын салып беретін. Келген адам енеме риза болып кететін. Енемді сексен жасқа жетелеп алып келген көпшіліктің алғысы шығар…
Шаруаға үйреткені болмаса, енем келіндеріне ешқашан қабақ шытқан емес. Жолдыбай ауылының тұрғындары ертеден өте қонақжай. Атамның шаңырағынан қонақ кетпейтін. Көрші ауылдардан адамдар осы үйге қымыз ішуге келетін. Енем үйге келген кісіні қымызынан дәм татырмай шығармайтын. Қазір кім-кімге қымыз ұсынып, құрметтеп жатыр дейсіз? Бие ұстайтындар қымызды сатуға тырысады.
Тағы бір айта кететін жақсы дүние, айт шалу, құдалық бұл әулетте атам заманнан үзілмей келе жатқан дәстүр болатын. Енемнің көңілінің кеңдігі сондай, астың мол болғанын жақсы көретін. Бауырсақты, етті баппен пісіруді, соғымның мүшесін баппен ұстауды, шұжық жасауды, қарын-қарта тұздауды, ет сүрлеуді осы кісіден үйрендім. Енемнің ортаншы ұлы – менің жолдасым Байғабыл марқұм өмірден озғанша анасы қақтаған сүр еттің дәмін аңсап өтті. «Анамның сүріне жететін сүр жоқ», «Ешбір қымыз анамның қымызына жетпейді» деп отыратын. Менің жолдасым осыдан бес жыл бұрын өкпенің қатерлі ісігінен көз жұмған еді. Тамағынан ас өтпей жатқан кезінде жолдасым анасының сүрі мен қымызын аңсайтын, шіркін.
Қазіргі күні аяулы ана, ақжаулықты әже атанып отырған болсам, оның бәрі дархан ақ енемнің арқасында! Ол әлі де менің ақылшым! Асыл анама Алланың берген жасын жасай беріңіз дегім келеді.

Қамар ҚҰРМАНОВА,
«Алтын алқа» иегерінің келіні.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар