Жуырда еліміз бойынша бастау алған «Біз біргеміз» республикалық акциясы Ақмола облысында да жалғасын тапты.
Бұл акцияның басты мақсаты – коронавирус пандемиясы таралуының алдын алу үшін мұқтаж жандарды антисептик құралдарымен, медициналық маскалар және бірінші қажеттіліктегі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету болып табылады. Мұндай көмек алушылардың қатарына жалғызбасты қарттар, әлеуметтік жағынан аз қамтылған к
өп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар енгізілді.
Акция аясында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының волонтерлік орталығының мүшелері чуваш, тәжік және өзбек этномәдени бірлестіктерінің көмегімен көп балалы отбасыларының, тыл еңбеккерлерінің, сондай-ақ, мүгедек жандардың үйлерінде болып, азық-түлік, жеміс толы себеттер мен дәрі-дәрмек таратты.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
![]()

