Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Экономиканың жетекші саласы - АРҚА АЖАРЫ

Экономиканың жетекші саласы

Өткен жылы Ақмола өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуында оң нәтижелерге қол жеткізілді. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 769 миллиард теңгені құрады.

Тау-кен байыту өнеркәсібінде жалпы индекс көлемі 117,7 пайызды құрады. Өсім құрамында алтын мен мыс бар руда өндірісі көлемінің көбеюіне байланысты болды. Өңдеуші өнеркәсіпте жалпы индекс көлемі 101,1 пайызды, азық-түлік тағамы өндірісінде 111,1 пайызды құрады. 2018 жылмен салыстырғанда ет және сүт өнімдерін өндіру көрсеткіші артты. Резина мен пластмасса бұйымдары өндірісінде полиэтиленнен жасалған қап пен пакет өндірісі көбейді. Машина жасау өндірісінде де өсім бар. «Степногорск ЕПК» пен «КамАЗ-Инжиниринг» акционерлік қоғамы, «Қамқор-Локомотив» серіктестігінің Атбасар электровоз жөндеу зауыты жетекші кәсіпорын болып табылады. Степногорск подшипник зауыты мен Атбасар электровоз жөндеу зауытында өсім байқалады. Есептік кезеңде «КамАЗ-Инжиниринг» акционерлік қоғамының жүк және мамандандырылған автокөліктер өндірісі әжептәуір артып, мың автокөлік құрастырылды.
Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 2015-2019 жылдары оң нәтижеге қол жетікізілді. Өткен жылы өңірдің өңдеуші кәсіпорындарында еңбек өнімділігі 19,6 мың АҚШ долларын құрады. «Макинск құс фабрикасы» мен «Қазақ алтын технологиясы» серіктестігінің жүзеге асқан ірі жобалары өндірісінің көлемі өсіп, өңірдің дамуына оң ықпал етті. Өңдеуші өнеркәсіптің экспорт өсімі 133,7 миллион АҚШ долларын құрады. Ұн, сүт, ет тәрізді ауыл шаруашылығы экспорттық ұстанымы экспорттың оң динамикасын сақтап, шикізат емес экспорт өсімінің резерві болды.
Бүгінгі күні «Астана-Агропродукт» серіктестігі өнім сатудың жаңа экспорттық рыногын игерді. Өткен жылдың наурызынан бастап ет өнімдері Иранға экспортқа шығарыла бастады. 20 жылдан бері «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамы «Тұран» брендімен өз өнімін Ресейге экспортқа шығаруда. Степногорск подшипник зауыты подшипник экспорты көлемін 20 пайызға арттырды. «Тыныс» акционерлік қоғамы да авиация бөлшектерін экспорттау көлемін өсірді. Өңдеуші өнеркәсіп негізгі капиталға 37 миллиард теңге инвестиция тартты. Құс фабрикасының, тез дайындалатын дақыл өндіру кешені мен химия зауытының инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда.
Ақмола облысында Индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығын жүзеге асыру кезінде 39 жоба жүзеге асырылып, 4 мың жұмыс орны ашылды. Құрылыс индустриясы, машина жасау, тамақ өнеркәсібі саласында жаңа кәсіпорындар ашылды. Сондай-ақ, темір-бетон өндіретін зауыт, алтын айыру фабрикасы, тау-кен химиялық комбинаты, кірпіш зауыты тәрізді кәсіпорындар жаңғыртылды. Үшқабатты полиэтилен пленкасы, сферикалық подшипник, ауыл шаруашылығы техникасы, ауыл шаруашылығы малдары үшін құтыру ауруына қарсы вакцина, аяқ киім, кали тұзы, глифосат пен құрамында глифосаты бар гербицид, цемент тәрізді
бірқатар жаңа өнімдер өндірісі игерілді.
Өңірдегі әртүрлі өндірістік салада шағын және орта бизнес субъектілері тұрақты жұмыс істеп, мемлекеттің дамуына өз үлесін қосуда. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижесінде өңірде отандық тауарларды өндіру көлемі артты. Жеке кәсіпкерлікті, бірінші кезекте шағын және орта бизнесті дамытудың жағдайы мен деңгейі еліміздің нақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуге байланысты болып отыр.
Бүгінгі күні өңірдегі шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 45,5 мыңды құрайды. Өткен жылы 130 мың адам жұмыс істейтін осы саладан 41 миллиард теңге салық түсті, 7584 жаңа жұмыс орны ашылды. Кәсіпкерлер 45,4 миллиард теңге несие алды. Оның 50,7 пайызы ауыл шаруашылығы саласына берілді. Өзге қаржыны ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін өнеркәсіп саласы алды. Шағын және орта бизнес субъектілері 556,3 миллиард теңгенің өнімдерін шығарды. Сөйтіп, кәсіпкерліктің отандық саласы өндірістік әлеуетті өсірудің жылжытушы күші болып, бәсекеге қабілетті өнім өндірісі көлемін ұлғайтып отыр. Бұл біздің өңірдің экономикалық дамуына игі ықпал етеді.
Ербол ОСПАНОВ,
Ақмола облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар