Коронавирустың жаңадан үш белгісі анықталды

Коронавирус жұқтырғандардың ауру тарихын терең зерттеу барысында ғалымдар өте сирек, бірақ, ескерілуі қажет жаңа белгілер пайда болғанын жария етті деп хабарлады KAZ.NUR.KZ сайтының тілшілері.

Коронавирусты зерттеудің жаңа деректері COVID-19 індетінің алғашқы белгілерінің тізімін үлкейтті. Ғалымдар вирус жұқтырудың кемі үш жаңа белгісінің пайда болғандығы туралы мәлімдеді.

Үш белгінің біріншісін жұқпалы аурудың алғашқы ошағына айналған Ухан қаласы тұрғындарының 8 пайызының ауру тарихы бойынша анықтапты. Бұл топтағы науқастар инфекция жұқтырғаны анықталып, ауруханаға жеткізілген соң, бастапқы күндері көбін бас ауруы мазалаған. Оған қоса, көбін кенеттен және қатты бас айналу алаңдатқан көрінеді. Америкалық Кливленд ауруханасы осы белгіні тілге тиек етіп, оқыстан бас айналуды адам денсаулығының нашарлауына әкеп соқтыратын маңызды «ескерту» ретінде қабылдау керек деп санайды.

Екінші жаңа белгісі – кенеттен иіс сезбей қалу. Бұл белгі британдық ринологиялық ұйымда тіркеліпті. Негізінен Қытай, Италия және Оңтүстік Кореяның науқастарында табылған және COVID-19 инфекциясы мен иіс сезгіштікті жоғалту белгісінің байланысы дәлелденген. Германияда науқастардың үштен екісінен көбі дәрігерлерге иіс сезбей қалғандарын айтып шағымданған.

Ғалымдар анықтаған үшінші жаңа белгі – абыржу, мазасыздану, оған қоса, өзін әлсіз сезіну. Бұл белгі Вашингтондағы зейнеткерлердің үштен бірі жұқпалы дертке шалдыққан қарттар үйіндегі жағдайға орай анықталған. Барлығы дерлік бойын үрей жаулағанын айтып, әлсірегендерін жеткізген. Белгіні ауруға шалдыққандарды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) коронавирус жұқтырғандығының ескертуі ретінде әлдеқашан растаған. Мамандардың ойынша, жоғарыда айтылған алғашқы белгілер адамдар өзінің денсаулығына мұқият қарап, жөтел мен дене қызуы байқалмаса да, бейқам жүре беруге боймайтынын ұғынуға себеп болады деп сенеді.

Айта кетейік, жәндіктер саласындағы мамандар мен энтомологтар шыбын мен маса коронавирус инфекциясын таратуы мүмкін бе деген сауалға жауап берді.  Жаз мезгілі келе жатқандықтан, бұл халықты әбден алаңдататын сауал. Шын мәнінде шыбын мен маса тәрізді жәндіктерден бұл ауру адамдарға жұқпайды екен.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар