Әдебиет БАЙДОЛДАҰЛЫ.
Шығыс жақтан шыққан бір дерт меңдетіп,
Көп елдерді шарпып өтті тездетіп.
Коронавирус деген атау алса да,
Әлі емі табылмай тұр кештетіп.
Сақтық жаса дейді білгір ғалымдар,
Қолды жуу, таза ауа тағы бар.
Көп ішінде болмағаның дұрыс-ау,
Егер барсаң бетпердені тағып ал.
Дәрігерден ақыл-кеңес алыңыз,
Бас ауырып қинай қалса, барыңыз.
Температура көтерілсе, секем ап,
«Жедел жәрдемге» тез қоңырау шалыңыз.
Құлаққа құй даналардың кеңесін,
Жұрт біледі жақсы індет емесін.
Сақтанғанды сақтайтұғын қағида,
Өзі қолдап біздің жаққа келмесін.
Әлемдегі барлық ғалым сабылып,
Кейде гулеп, кейде тауы шағылып.
Іздеп жатыр осы дерттің дауасын,
Көп кешікпей қалар шипа табылып.
Коронавирус өзі кетер, дақ қалар,
Жұмбақ күйі мұрағатта сақталар.
Әлем халқы тауып індет дәрісін,
Үрейленбес, жайлы күндер басталар…
Ақ халатты асылдар
Елін сүйген, нағыз адал жүректен,
Сауықтырып науқастарды түлеткен.
Күндіз-түні сырқаттарға ем жасап,
Ар-намысын, абыройын ту еткен.
Дақ түсірмей емші деген атаққа,
Еңбек еткен, қонып жатып жатаққа.
Жарайсыңдар, ақ халатты асылдар,
Алдын алып, жол бермедің апатқа.
Үйде күтіп, бала-шаға, жан жарың,
Жіті шолып, қарап қояр жан-жағын.
Дем алмастан жүрген адам – дәрігер,
Бұл індеттің құртамыз деп әр жағын.
Көп кешікпес, құтылатын кез келер,
Ол күн де күттірместен тез келер.
Әлем халқы жеңе алған соң күресіп,
Ғайып болар «вирус» атты кезбелер.
Қалт жібермей қоңыраудың әр үнін,
Ұйқы көрмей атыратын әр түнін.
Халық болып кең тыныстар күн жақын,
Сыйлар сонда дәрігерге ел гүлін.
Коронавирус мәңгі кетер, дақ қалар,
Болған жайлар мұрағатта сақталар.
Дерт-дербездің түбін жойған асылдар,
Ұйқың қанып, төккен терің ақталар!