Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бурабай дамиды және көркейеді - АРҚА АЖАРЫ

Бурабай дамиды және көркейеді

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Бурабай ауданында болып, курорттық аймақты дамыту бойынша қолға алынып жатқан жобалардың қазіргі жағдайымен танысты.

Өңір басшысы сапарын Нұр-Сұлтан-Петропавл тас жолының бойындағы №4 блок бекеттің жұмысымен танысудан бастады. Полиция бөлімінің бастығы Қанат Қамиевтің айтуынша, блок бекет барлық қажетті жабдықтармен, телефон, пирометр, басқа да залалсыздандыру құралдарымен толық қамтамасыз етілген. Облыс әкімі полиция бөлімінің бастығына алдағы уақытта көктемгі егіс науқаны келе жатқандығына байланысты жол бойымен өтетін техникалардың жасыл дәлізін ұйымдастыруда нақты жұмыстар істеу қажеттігін ескертті.
Ермек Маржықпаев бұдан әрі Шучинск қаласының №5 орта мектебіне ат басын бұрды. 1957 жылы іске қосылған білім ордасының қазіргі жай-күйі күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Үш қабатты ғимаратта 300-ге тарта оқушы білім алуда. Мектептің жалпы аумағы 2,7 мың шаршы метрді құрайды. 2017-2018 жылдары инженерлік жүйелер мен ғимаратқа ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Облыс әкімі «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында мектепті жөндеуге қажетті 571 миллион теңге бөлінетіндігін жеткізді. Бірақ, мектептің жөндеу жұмыстары сапалы әрі заманауи жасалуын және жұмысқа жергілікті тұрғындарды тартуды тапсырды.
Щучинск қаласының №1 «Бурабай-Жылу» орталық жылу қазандығы 1971 жылы іске қосылыпты. Аумағы 1232,3 шаршы метр, қуаты 55,1 МВт, жылумен қамту аумағы 190 мың шаршы метрге жуық, тұтынушылары 4120 жеке тұлғаны құрайды. 2020-2021 жылғы жылу маусымына дайындық мақсатында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде ағымдық қазандықтың жөндеу жұмыстарына 429 миллион теңге қаржы бөлінді.
–Щучинск қаласының тұрғындары көбінесе жылу беру сапасына шағымданып, көңілдері толмай жатады. Сол үшін бюджеттен беріліп жатқан қаражатты тиімді пайдаланыңыздар. Биыл Бурабай ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша 24 жоба қарастырылып, 2 миллиард 400 миллион теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде 17 жоба Щучинск қаласында жүргізілетін жөндеу жұмыстарына арналып, бұған 1,3 миллиард теңге қарастырылып отыр. Халық алдағы уақытта жылудан тапшылық көрмеулері тиіс, – деп қадап айтты облыс әкімі. –Осы жобаларды іске асыру барысында 300-ге жуық адам жұмыспен қамтылады.
Әкімнің жұмыс сапары бұдан әрі «Авиценна Бурабай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жаңадан салынып жатқан 6 қабатты ғимаратында жалғасты. Екі жыл бұрын қолға алынған жобаға 985 миллион теңге жұмсалыпты. Жалпы, жобаның толық іске қосылып, тиісті құрал-жабдықтармен қамтылуына 4 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалмақшы. Соның ішінде МРТ, КТ, рентген, 2 УДЗ, ИВЛ, лазерлік аппараттар сатып алу да жоспарланыпты. Облыстық аурухана базасында жоқ, буындарды тексеретін антиограф аппараты да алынбақшы екендігін атап өтті серіктестік құрылтайшысы Юлия Гагаркина. Медициналық мекеме ағымдағы жылдың 3-ші тоқсанында іске қосылады деп көзделуде.
Бұдан әрі аймақ басшысы Щучинск қаласында жақын арада қатты желдің салдарынан қасбеті ұшып кеткен №6 орта мектепке барды. Мұнда 700-ге жуық оқушы білім алуда. Әзірге төтенше жағдайға орай балалар қашықтықтан оқып жатыр. Мектеп өте ескі. Алайда, білім көрсеткіштері жоғары. Әкім жаңа модификацияланған кабинеттерді көбейтуді тапсырды әрі мектепке күрделі жөндеуге қаржы қарастырылатын болды. Осы мектеп маңындағы көше жолдарын жөндеу, жақын маңда 50 пәтерлі үш үй тұрғызу бо-йынша тиісті бөлімдердің мамандары баяндап, орындарды көрсетті. Ағымдағы жылы қаланың 22 көшесіндегі жолдардың ой-шұңқырларын жабуға 22 миллион теңге қарастырылыпты.
Бурабай кентінің қазандығы бойынша кент әкімі Сабыр Жалмұқанов баяндады. 2016 жылы іске қосылған қазандық 158 мың шаршы метр аумақты жылумен қамтиды, жылдық жанар-май қажеттілігі – 6021 тонна. Мұнда 50 адам жұмыс істейді, орташа еңбекақылары 81 мың теңгені құрайды. Облыс әкімі өткен жылу беру маусымындағы кемшіліктер қайталанбауы үшін тиісті шараларды осы бастан ескеруді тапсырды.
Аудан әкімдігі облыстық бюджетті әзірлеу кезінде Бурабай кентінің 1-линия көшесінің бойында, яғни, кенттің орталығында туристер үшін маңайы көркейтілген автотұрақ салу жобасының жобалық-сметалық құжатын әзірлеуге қаржы бөлу жөнінде ұсыныс жасапты. Бірақ, ол мақұлданбаған. Дегенмен, облыс әкімі Бурабайды көркейтуге қатысты мәселелерді кейінге қалдыра беруге болмайтындығын, дүйсенбіге дейін осы мәселе бойынша тағы ұсыныстар беруді тапсырды.
Ырысалды ШАМШИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар