Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тәртіп пен сақтық шаралары күшейтілсін - АРҚА АЖАРЫ

Тәртіп пен сақтық шаралары күшейтілсін

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев төтенше жағдайға байланысты өңірлік жедел штабтың кезекті отырысын өткізіп, карантинде жатқан адамдармен тікелей жұмыс істеп жүрген медицина қызметкерлерінің, оның ішінде орта және санитарлық қызметшілердің үстемеақысын көтеру бойынша денсаулық сақтау министрлігімен келісе отырып, облыстық бюджеттен қосымша қаржы қарастыруды тапсырды. Карантин режимін қатаң сақтау баса айтылып, осы мәселенің жан-жақты бақылауда болуына ерекше назар аударды.

Өңір басшысы коронавирус пандемиясы елімізде күн сайын өршіп бара жатқандығы, қазіргі жағдай бойынша республикада 1480 оқиға тіркеліп, 306 науқас емделіп, 17-сі қайтыс болғандығы туралы айта келе, облыстағы ахуалға кеңінен тоқталды. Қолдағы бар соңғы мәліметтер бойынша аймақта 81 оқиға орын алып, 9 науқас толық емделіп шықты, ал 4 адам індеттің құрбанына айналды. Негізгі ошағы Целиноград ауданы мен онда орналасқан «Шапағат» әлеуметтік медициналық орталығы болып отыр. Облыстың барлық аудандары карантин режиміне толықтай көшірілгендігі тағы бір мәрте айтылып өтті.
Сонымен бірге, штаб отырысында облыс аумағында орналасқан медициналық орталықтарды, әсіресе, коронавирусқа ұшыраған науқастар жатқан облыстық туберкулез диспансері мен облыстық көпбейінді аурухананың провизорлық орталығын бетперде, арнайы қауіпсіздік киімдерімен және қолғаптармен, дәрі-дәрмекпен және залалсыздандыру құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ету күн сайын назарда болуы тиістігі ескертілді. Денсаулық сақтау басқармасына медицина қызметкерлерінің қорғану құралдарын, адамдар көп шоғырланған тұрғын үй кешендерінде арнайы залалсыздандыру жұмыстарын режимге сай жүргізуді тапсырды. Блокбекеттердегі тәртіп және заңға бағынбағандарды жауапкершілікке тарту шаралары бойынша мәселелер қозғалды.
Облыс әкімі облыс әкімі штаб отырысы барысында сондай-ақ, індет жұқтырған науқастармен және провизорлық орталықта карантинде жатқан адамдармен тікелей жұмыс істеп жүрген медицина қызметкерлерінің, оның ішінде орта және санитарлық қызметшілердің үстемеақысын көтеру бойынша денсаулық сақтау министрлігімен келісе отырып, облыстық бюджеттен қосымша қаржы қарастыруды тапсырды. Жалпы, отырыста карантин режимін қатаң сақтау баса айтылып, осы мәселенің жан-жақты бақылауда болуына ерекше назар аударды.
Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар