Коронавирус жұқпасы әлі өзінің шарықтау шегіне жеткен жоқ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев короновирус инфекциясын жұқтырғандар санының өсуіне байланысты қазақстандықтарға арнау жолдады.

«COVID-19 жұқпасын жұқтырғандар қатары елімізде өсе түсуде, бірақ геометриялық үдеріспен емес. Дегенмен, әлі жұқпаның шарықтау шегінен өткен жоқпыз. Осыған орай, азаматтардан карантин талаптарын сақтауды сұраймын. Медиктер мен полиция қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге және еріктілерге алғысымды білдіремін. Ең бастысы, қауіпсіздігімізге қатаң назар аударайық», – деп жазған Президент Twitter парақшасында.
Қазір еліміз бойынша 1711 короновирус жұқтырған адам анықталып отыр. Өкінішке орай, осы дерттен
19 адам қайтыс болған. Төтенше жағдай режимі елімізде 1 мамырға дейін созылғандығы белгілі. Сондай-ақ, қазір Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында азаматтарды жаппай тестілеуден өткізу қолға алынды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар