Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мал дәрігерлік талаптарды орындау – індеттің алдын алу - АРҚА АЖАРЫ

Мал дәрігерлік талаптарды орындау – індеттің алдын алу

Мал дәрігерлік саланы қолдау үшін өткен жылы жергілікті бюджеттен 1,1 миллиард теңге қаржы бөлінді. Облыста малдың аса қауіпті ауруына қарсы диагностикалық зерттеудің 56 түрі бойынша егу жұмыстары және аллергиялық зерттеудің 22 түрі бойынша басқа да жоспарлы шаралар жүргізілді.

2018-2019 жылдардағы диагностикалық зерттеулерді талдау аурудың азайғанын дәлелдей түседі. Мәселен, бруцеллезбен ауыратын ірі қара саны 0,2 пайызға, ұсақ мал саны 0,05 пайызға азайған. Сондай-ақ, сауықтыру шаралары өткізілген қолайсыз нысандар да кеміді. Өткен жылы туберкулез ауруы бойынша 562,3 мың бас ірі қара зерттелген екен. Басқарма басшысының айтуынша, мал бағылатын 576 нысанға дезинфекция жүргізіліпті. 2019 жылы ауыл шаруашылығы малын егу шараларының жоспары толық орындалған. Бруцеллез малын өңдеуге тапсырған мал иелеріне өтемақы төленді. Басқарма басшысы өз сөзінде облыстың елді мекендерінде 294 мал қорымы, соның үш типтік және бұдан бұрын пайдаланылған 291 мал қорымы бар екенін айтты. Өкінішке орай, көптеген мал қорымының қайда екені бүгінгі күнге дейін белгісіз болып отыр. Қорымдарды арнайы мекеменің ғалымдары іздестірсе де таба алмаған. Бұл жағдай қауіп тудыратыны айдан анық. Тек қауіпті жұқпалы мал ауруының бетін аулақ қылсын дейік.
– «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерту енгізілгенге дейін мал қорымының құрылысын ұйымдастыру және ветеринарлық талаптарға сәйкес оны ұстауды қамтамасыз ету облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың жергілікті атқарушы органдардың құзырына кіріп келді. Облыстағы қалалар мен аудандар бюджетінің шектелуіне байланысты бұл бағыттағы жұмыс сылбыр жүргізілді. Аудандар мал қорымының құрылысына қаржы бөлмеді. Мал қорымы мәселесін шешу мақсатында облыс аумағындағы мал қорымдарын жөнге келтіру және жаңа мал қорымдарын кезең-кезеңмен салу бойынша 2019-2025 жылдарғы шаралар жоспары бекітілді. Бүгінгі күні аталмыш заңға сәйкес, мал қорымының құрылысын ұйымдастыру және қалпына келтіру, оны күтуді қамтамасыз ету облыстағы жергілікті атқарушы органдардың құзырына кіреді. «Ветеринария туралы» ҚР Заңының 14-1 бабына сәйкес, ветеринарлық-санитарлық бақылау және малды орналастыру, мал қорасының құрылысын жүргізу, оны қалпына келтіру, мал қорымын пайдалану кезінде ветеринарлық талаптарды сақтауды қадағалау өкілетті органның жауапты өкіліне жүктеледі.
2019 жылдың соңында 2020-2022 жылдардағы бюджетті қарау кезінде үш мал қорымының құрылысына 42,8 миллион теңге бөлінді. Сондай-ақ, облыстың қалалары мен аудандары аумағында 4 мал қорымын салу және 18 жобалық-сметалық құжаттама жасау үшін 96,8 миллион теңге қарастыру жоспарланды,–дейді басқарма басшысы Базарбай Бұлашев. Осыған байланысты қала мен аудан әкімдіктеріне мал қорымын салу үшін жер мен қаржы бөлу жөнінде тапсырма берілді. Мал қорымының құрылысын жүргізу тапсырмасын орындау үшін бүгінгі күні Ақкөл, Аршалы, Біржан сал, Бұланды, Бурабай, Егіндікөл, Ерейментау, Есіл, Жарқайың, Сандықтау аудандарындағы 81 нысанның жер телімі заңдастырылды. Шортанды аудандық әкімдігі қажетті қаржы бөліп, жобалық-сметалық құжаттама мен келісім-шарт жасауды қолға алды. Осы мақсатқа Біржан сал, Жақсы, Қорғалжын, Целиноград аудандары да қаржы бөлді. Көкшетау мен Степногорск қалалары, Астрахан, Атбасар, Зеренді аудандарында мал қорымын салу үшін жер қарастырылуда. Сөйтіп, басқарма 2025 жылға дейін облыс аумағында типтік мал қорымдарын салуды аяқтауды жоспарлап отыр.
Басқарма басшысы ветеринария және жүк тасымалдау саласында заңның сақталуын қамтамасыз етудің мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық
бақылау жұмысы жөнінде айтып берді.
– Аса қауіпті жұқпалы аурулардан облыс аумағын қорғау мақсатында облыстық полиция департаменті, жергілікті полиция қызметімен және өзге де құқық қорғау органдарымен жүргізілген жоспарлы шарада құжатсыз жүк тасымалдау фактілері анықталды. Соған орай, облыс бойынша 290 жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қомақты айыппұл төледі.
Мемлекеттік ветеринарлық бақылаудың және жергілікті атқарушы органдар дәрігерлерінің қадағалауы нәтижесінде 819 ескерту жасалды. Ветеринарлық-санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес облыс аумағына тасымалданатын барлық малдар міндетті түрде карантиндік шарадан өтуі тиіс,–дейді одан әрі басқарма басшысы. Негізгі міндеттердің бірі мал басының мәліметін порталдық режимде идентификация базасына енгізіп, малдың санын дұрыс жүргізу болып табылады. Өткен жылы күнтізбелік жоспарға сәйкес идентификациялау шарасы толық орындалыпты. Сондай-ақ, тұрақты нақты есепті қамтамасыз ету үшін әкімдіктерге статистика органдары өкілдерін комиссия құрамына енгізіп, мал басын санау бойынша облыстың қалалары мен аудандарында арнайы комиссия құру жөнінде тапсырма берілді. Осы орайда, жергілікті жерлерде ауыл шаруашылығы малдарының барлық түрін санау бойынша шара қабылданды. Бұл жұмыс биыл 15 наурызда аяқталады. Мал басы есепке алынғаннан кейін өзгеріс идентификациялау мәліметі базасына енгізіледі. Осының бәрінен шығатын қорытынды, облыстағы ветеринарлық қауіпсіздік мәселесі басқарманың тұрақты бақылауында тұр.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар