Орманыңды от шалмасын, көлің суалмасын, туған жер!

Көктем мен жаз маусымдарында орман өртіне жол бермейік!

Орман – біздің Отанымыздың негізгі табиғи байлықтарының бірі. Орман дәрілік өсімдіктер, оттегі және басқа да көптеген табиғат көздерінің негізі. Орман бейнелеп айтқанда, жер бетіндегі тіршілік. Сондықтан, біздің міндетіміз келешек ұрпақ үшін оны адамдардың заңсыз ағаш кесуі мен ұрлауынан, от қаупінен сақтау.

Облыста орман өрттері жиі кездесетін құбылыс, әсіресе, ұзақ уақытқа созылған құрғақшылыққа байланысты, өрт қаупі бар жас қарағайлар қазақтың ұсақ шоқылықтарында бірнеше жүздеген гектарларға жайылады. Жылда өрттер ормандарға үлкен зиян және экономика залал келтіреді. Бағалы сүректер бұзылады немесе жанып кетеді, орманның табиғи жаңаруы жойылады. Орман өрттерінен кейін әлсіз ағаш құрамдарына орманның зиянды жәндіктері орнығып тез көбейіп, шыға келеді. Олар бұдан кейін көршілес сау екпелерге ауысып, оларды бүлдіреді және құнсыздандырады.
Заңда орман өрттер үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2020 жылғы 19 наурыздағы «2020 жылы мемлекеттік орман қоры жерлерінде өрт қауіпі бар маусымды белгілеу туралы» №17-5-6/65 бұйрығына сәйкес Ақмола облысының аумағында өрт қауіпі маусымы 6 сәуірден басталды. Осыған байланысты әр азамат орманда өрт қауіпсіздігі және санитарлық талаптарды бұзғаны үшін бас бостандығынан айыру, айыппұл түріндегі әкімшіліктік және қылмыстық жауапкершілікке тарту жазалары көзделгенін білуге тиіс.
Ағымдағы жылы Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры аумағындағы 0,12 гектар алаңда орман өртінің бір жағдайы тіркелді. Осы орайда, тұрғындар мынаны да білулері керек.
ҚР Қылмыстық кодексінің 341 бабына сәйкес орманды жою немесе зақымдау:
1. Үй маңындағы, саяжай мен бау-бақша учаскелеріндегі ағаштар мен бұталардан басқа, орман қорына кіретін және кірмейтін ағаштар мен бұталарды отты немесе өзге де қауіптілігі жоғары көздерді ұқыпсыз қолдану салдарынан жою немесе зақымдау, егер бұл іс-әрекет ірі залал келтірсе, мүлкі тәркіленіп, 2000 АЕК (1 айлық есептілік көрсеткіш – 2 778 теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Үй маңындағы, саяжай мен бау-бақша учаскелеріндегі ағаштар мен бұталардан басқа, орман қорына кіретін және кірмейтін ағаштар мен бұталарды өрт жолымен немесе өзге де жалпыға бірдей қауіпті тәсілмен не зиянды заттармен, қалдықтармен, шығарындылармен немесе қоқыстармен ластау салдарынан жасалған қасақана жою немесе зақымдау мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 367 бабына сәйкес ормандарда өрт қауіпсіздігі талаптары мен санитарлық қағидаларды бұзу:
1. Жеке тұлғаларға 10 АЕК, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 30 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 50 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 150 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Өрттің шығуына, адамның денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет, егер бұл әрекет ірі залал келтірілмесе, жеке тұлғаларға 25 АЕК, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 45 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 70 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 250 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған әрекеттер жеке тұлғаларға 100 АЕК, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 250 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 400 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1500 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Міне, орманды өртпен не басқа себептермен зақымдау төл табиғатымыздың басты байлықтарының бірі – орман-тоғайларымызға орны толмас зиян әкеледі әрі осыған кінәлі адамдарға да оңай соқпайды. Сондықтан, айналамыздағы қоршаған ортаға үлкен жанашырлықпен қарау әрқайсымыз үшін абзал борыш болса керек.

Лашынтай ДҮЙСЕНОВ,
Ақмола облыстық орман шаруашылығы және
жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы
басшысының міндетін атқарушы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар