Ақмола облыстық сотының сот алқасы төрағасы мен судьялар тағайындалды

– «Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 13 сәуірдегі Жарлығымен Серікжан Жәлелұлы Ғабдулин Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болып тағайындалды. Ол бұған дейін Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы болып қызмет атқарған.
Сондай-ақ, Президент Жарлығымен Салтанат Әбдіхайқызы Іргебаева Бурабай аудандық сотының судьясы қызметіне, Берік Полатбекұлы Құрамысов Степногорск қалалық сотының судьясы қызметіне тағайындалды.
Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров бейнеконференция байланысы арқылы облыс соттарымен онлайн отырыс өткізіп, жаңадан тағайындалған облыстық соттың сот алқасының төрағасы мен жергілікті соттардың судьяларын таныстырды. Досжан Әміров тағайындалған судьяларды жаңа қызметтерімен құттықтап, оларға мемлекет пен халық алдында жүктелген жауапкершілік туралы еске салып, сот төрелігін сапалы түрде іске асыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың сотқа деген сенімін нығайту тұрғысында тиісті тапсырмалар берді.
Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар