Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақ елінде өмір сүріп жатқанын мақтан тұтады - АРҚА АЖАРЫ

Қазақ елінде өмір сүріп жатқанын мақтан тұтады

Дүние жүзін дүрліктірген коронавирус пандемиясы біздің елімізді де айналып өтпеді. Енді міне, сол қауіпті індеттен туындаған карантин Қазақстан халқы бірлігі күнінен кейін де 11 мамырға дейін созылатын болады. Осыған орай, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Омар Шоназаровты әңгімеге тарттық.

Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Елімізде 150-ден астам ұлттар мен ұлыстар тату-тәтті өмір сүруде. Сол халықтардың біртұтастығын білдіретін негізгі мереке – 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл – еліміздің әр өңірінде салтанатты шерулермен қатар, көптеген ойын-сауық шаралары, барлық этно-мәдени орталықтардың фестивальдеріне ұласып, үлкен мәнге ие болған айтулы мереке.
Осыдан бірнеше жыл бұрын еліміздің өзге де аймақтарындағы тәжіктердің этно-мәдени орталықтарының жұмысымен танысқан Омар Файзудинұлы өзінің тұрғылықты жері Көкшетау қаласында да осындай орталық ашуға шешім қабылдаған болатын. Жас та өршіл, қазақ, араб, парсы, ауған тілдерін еркін меңгерген кәсіби спортшы үшін орталықтың жұмысымен айналысу оны шығармашылық тың идеяларға жетеледі.
–Мен Көкшетау қаласындағы бір серіктестіктің күзет қызметіндегі кәсіби қызметімнің арқасында елдің әр түрлі аймақтарына іссапарларға жиі баратынмын. Осылайша Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Шымкент және басқа қалалардағы тәжік диаспорасының этно-мәдени орталықтарының жұмысымен таныстым. Сөйтіп, «Неге астаналық облыс орталығында тәжік этно-мәдени орталығы жоқ?» деген ойға қалдым, – деген ол, жастармен жұмыс жасауда оларға дәстүрлі емес ислам дінін ұстанатын әр түрлі діни ағымдардың деструктивті идеологиясын және ондағы сыбайлас жемқорлықты болдырмауға ықпал етуге ерекше назар аударады.
Бүгінде облысымызда екі жүзден астам тәжік ұлты тұрып жатыр. Елімізде Тәжікстанның көптеген азаматтары еңбек етіп жүр. Міне, сол тәжік ұлты өкілдерінің басын қосып, бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан қазақ халқы мен басқа да халықтардың тарихымен, мәдениетімен, ұлттық салт-дәстүрімен таныстыруды өзінің қасиетті борышындай санайды. Омар Файзудинұлы Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы ұйымдастыратын конференцияларға, дөңгелек үстелдерге қатысуымен қатар, мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық шараларына да белсене қатысуда.
– Бұл тұрғыда маған тәжік қариялары бірауыздан қолдау көрсетті. Шынында да, Достық үйінде жаңа орталықтың жұмыс істеуі үшін барлық жағдайлар жасалған. Кең де жарық кеңсе, жайлы конференц-зал, ал, ең бастысы – «Қоғамдық келісім» Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының этно-мәдени орталықтарға үлкен қолдау көрсетіп отырғаны бізді қатты қуантады. Мұнда барлық диаспора өкілдері тату әрі кез-келген мәселені бірге шешудеміз. Осындай ынтымағы мен бірлігі жарасқан ортада еңбек етіп жатқаныма қатты ризамын. Сондай-ақ, біз осы аймақта жұмыс істейтін басқа да ұлттық-мәдени орталықтармен, қоғамдық бірлестіктермен бірге өңірдегі әлеуметтік және ұлтаралық келісімді нығайтуға күш саламыз, – дейді Омар Файзудинұлы.
Биылғы Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өту бүкіл адамзат баласының басына түскен қиын кезең коронавирустық пандемияның таралу тұсына тап болғаны жасырын емес. Бұл жағдайға өкініш білдірген «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығының төрағасы О.Шоназаров: – Біз әлемнің көптеген елдерінде қауіпті індеттің тез өсуіне байланысты экономика құлдырап, өндіріс тоқтатылғанының куәсі болып отырмыз. Коронавирус Америка, Германия сияқты дамыған елдерді де тығырыққа тіреді. Дерт біздің елімізді де айналып өтпеді. Бірақ, біз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың уақытылы қабылдаған тиімді әлеуметтік-экономикалық шаралары мен елде төтенше жағдайдың енгізілуінің арқасында ең қиын салдарларды болдырмадық, бұл өз кезегінде пандемиядан, сонымен бірге, оның жойқын салдарынан құтылуға көмектесті. Мен Президентімізге құрметпен қараймын, оның шешуші әрекеттері карантин мен оқшаулануды ауыртпалықсыз өткізуге мүмкіндік берді, – деген сөзін нық сеніммен айтты.
Төтенше жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарын қолдауға ел бюджетінен үлкен қаражат бөлінді. Бұл әлеуметтік салаға бағдарланған Мемлекет басшысының бұрын-соңды болмаған шаралары, соның нәтижесінде бизнес те, қарапайым адамдар да қиыншылықтарды ауыртпалықсыз көтеруге мүмкіндік алды. Оған қоса, азық-түлік жиынтығы түрінде көмек алатын азаматтардың әлеуметтік осал топтары үлкен қолдауды сезінгені де шындық. Жұмыссыз қалған адамдар назардан тыс қалмады, оларға жәрдемақы төленді. Бизнес салық жеңілдіктерін ұсынды. Осы қиын-қыстау кезеңде қоғам денсаулығы мен тұрақты экономиканың кепілі біздің Президентіміз екені даусыз. Міне, осындай кең байтақ Қазақстанда өмір сүріп жатқанын қашан да мақтан тұтқан кейіпкеріміз, бүгінде өзі басшылық ететін «Санги-Кабуд» тәжік этно-мәдени орталығының мүшелері карантин кезеңінде қиын өмірлік жағдайға тап болған жерлестеріне қайырымдылық көмек көрсету бойынша белсенді жұмыс жүргізіп отырғанын жеткізді.
Шынында да, өмірдің қиын сәттерінде тек өзара түсіністік танытып, айналаңдағы адамдардың тәжік, өзбек, кәріс немесе басқа ұлт өкілі екеніне қарамастан, көмек қолын созу аса маңызды екенін ұмытпағанымыз нағыз азаматтық қасиет.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар