Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әкім – іс үстінде - АРҚА АЖАРЫ

Әкім – іс үстінде

Жол жөндеуге бөлінген қаржы тиімді жұмсалсын

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласында Қопа көлінің жағажай аймағының құрылыс жұмыстары және Краснояр кентінде «Ауыл – ел бесігі» жобасын жүзеге асыру шеңберінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандардың жай-күйімен танысып, барлық жұмысты ширатуды және кестеге сай сапалы жүргізуді тапсырды.

Бұл жолы облыс басшысы алдымен Көкшетау қаласының іргесіндегі Краснояр кентінің «Көкше» мәдениет үйінде болды. Кенттегі бұл мәдениет үйіне «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Мәдениет үйінің директоры Алпыстай Елемановтың айт-уынша, мұнда он жылдан бері ешқандай жөндеу жүргізілмепті. Тозып, сұрқы кете де бастаған екен.
Сәті түсіп, облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың тапсырмасымен «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде мәдениет үйін жөндеу туралы шешім қабылданып, 206 миллион теңге қаржы бөлініп, дереу жөндеу жұмыстары қолға алынған-ды. «Көкшетау құрылыс» жобалық-құрылыс компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жөндеу жұмыстарын енді қолға алса керек. Жөндеу алдағы қыркүйек айына дейін аяқталуы тиісті. Жоба бо-йынша жылу, сумен жабдықтау жүйесі, сантехникалық желдеткіш шахтасы, ішкі әрлеу, есік, терезелерін ауыстыру сияқты жұмыстар да жоспарланып отыр.
– Біз мәдениет үйіне ақшамыз көп болып, тасығаннан жөндеу жұмыстарын жүргізуді қолға алып отырған жоқпыз. Бұл қажеттіліктен туды. Өйткені, ауылда халық саны жылдан жылға көбейіп келеді. Сондықтан, ауылда мұндай нысандардың болуы маңызды. Мәдениет үйі – ауыл тұрғындары ең көп жиналатын, халықтың мәдени-рухани кемелденетін және жастарымыздың бос уақытын тиімді өткізетін бірден бір орын, – деді Ермек Маржықпаев.
Облыс басшысы мердігерлерден құрылыс жұмыстарын ширақ әрі сапалы жүргізілуін талап етті. Дәл осындай талаптар Краснояр кентіндегі көшелерге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан «Көкше Агро Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылығына да айтылды. Серіктестік «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде кенттегі 30-ға жуық көшенің жолдарын жаңартып жатыр.
Жөндеу жұмыстарымен танысқан облыс басшысы асфальт төсеу кезіндегі кейбір ұсақ-түйек кемшіліктерді ескеріп, жоюды тапсырды. Жөндеудің сапалы әрі уақытылы жүргізілуіне көңіл бөлді. Қала және округ әкімдеріне бұл жұмыстарға қыруар қаржы бөлініп отырғанын айтып, әр жұмыстың сапалы орындалуын жіті қадағалу керектігін ескертті.
– Біз бірінші рет жол жөндеу жұмыстарына 1 миллиард теңгеге жуық қаржы бөліп отырмыз. Бұл үлкен қаржы. Сондықтан, бұл қаржының әр тиыны есепте болуы және сапалы жұмыстарға жұмсалғаны маңызды. Қатаң бақылау болуы керек! Бұл іске партиялық бақылауды да тартыңыздар. Алдағы бірнеше жылда осы ауылдағы жол мәселесіне қайтып оралмайтындай болайық, – деді облыс әкімі Е.Маржықпаев.
Краснояр кентінде жылумен жабдықтау желісінің құрылысы да жоспарланып отыр. Мердігер «Сапа Құрылыс 2007» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Асхат Рамазановтың айтуынша, жоба жылдың соңына дейін жүзеге асырылатын болады. Сол кезде, кенттің бірқатар көшелеріндегі тұрғын үйлер орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылмақшы.
Көкшетауда алдағы күзде өтетін Қазақстан мен Ресейдің 17-ші өңіраралық ынтымақтастық форумы құрылыс жұмыстарымен, соның ішінде Қопа көлінің аймағының жағажай құрылыс жұмыстарына назар аударылды. Жаңадан салынып жатқан жағажай аймағы қаланың «Қан орталығы» ғимаратынан басталып, бұрынғы әуежайға дейінгі 1,5 шақырым аумақты алып жатыр. Мердігері – «ПавлодарЭнергоМонтаж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Оның басшысы Тұрғынбай Бекболатов түсіндіріп бергеніндей, бұл жобаның құны 1,5 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Қазіргі кезде 300 іргетас блоктары, 124 темірбетон қазығы және қажетті құбырлар жеткізіліпті. Қазіргі кезде, құрылыс алаңындағы жер учаскесін дайындау, амфитеатр құрылысы, кәріз және су құбырларын тарту, қазық қағу және электр монтаждау жұмыстары басталып кетіпті. Сонымен бірге, балалар мен спорт алаңдары, велосипед жолдары салынады.
Облыс әкімі Ермек Маржықпаев жаға-жай аймағы форум қонақтары үшін ғана емес, қала тұрғындарының да дем алатын көрікті жеріне айналатынын айтты.
– Тамаша жағажай салып жатырмыз. Бұл әрине, форум шеңберінде салынып жатқанымен, қала тұрғындарының игілігі болмақшы. Жағажай қала тұрғындарының демалатын сүйікті орыны болатыны да сөзсіз. Құрылыс жұмыстары қыркүйек айының 20-на дейін аяқталуы тиісті, – деді облыс әкімі Ермек Маржықпаев.
Застанционный шағын ауданындағы «Жасыл ЕЛ НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылыжай кешенінің жұмысымен танысқан облыс басшысы алдағы күндері қаланы көркейтіп, көгалдандыру мәселесіне де көңіл бөлді.

Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар