Жаралы тәні, жаны да,
Таңылған басқа қан қатқан.
Бермеген есе жауына,
Айналдым, қайсар солдаттан!
Асынған балдақ – демеуі,
Жанында титтей қаяу жоқ.
Күйретіп жауын жеңуі –
Күтпегені одан аяулық.
Бұл емес қорқып арды аттар,
Бораған жаудың оғынан.
Соғыстан қайтқан солдаттар,
Бар әлем ер деп таныған.
Бас идім өжет ісіне,
Намысын жатқа бермеген.
Қадалған жұлдыз төсіне,
Ерлігін айтар ерлеген.
Мойында борыш өтелген,
Ұрпақтар өзі-ақ салмақтар.
Сендерге айтшы, кім жеткен,
Соғыстан қайтқан солдаттар!
Полатбек ЖАНБАЕВ.