Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Олар – қауіпсіздіктің қорғаны    - АРҚА АЖАРЫ

Олар – қауіпсіздіктің қорғаны   

 Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Отан қорғаушылар күні қарсаңында Көкшетау қаласындағы 5510 әскери бөлімінің жедел мақсат батальоны командирінің орынбасары, капитан Василий Гунько мен  2009 жылы қылмыскерді ұстау кезінде қаза тапқан полиция қызметкері Болат Қажымовтың  жұбайы Гүлзана Қажымованы қабылдап, оларға  Алғыс хаттармен естелік сыйлықтар  табыс етті және Көкшетау-Щучинск бағытындағы жол-көлік қозғалысын бақылайтын блокбекеттегі қызметкерлермен де кездесіп, оларды Отан қорғаушылар күнімен  құттықтап, жылы лебізін білдірді.     

Таяуда 5510 әскери бөлімінің офицері Василий Гунько Көкшетау қаласындағы тұрғын үйлердің

біріндегі балалар ойын алаңында қолына қос тапанша ұстап жүрген жігітті байқап қалып, оны құрықтап, полиция бөлімшесіне тапсырған. Қарапайым халыққа зияны тиіп кетпесе екен деген ниетпен әскери қызметкер осылайша өзінің өмірін қатерге тікті. Қызметтік міндетін орындау барысында жасаған ерлік ісін оның өзі ерлік деп санамайды, жәй қызметтік міндетімді орындадым деп біледі. Өз міндетіне адал Василий сияқты азаматтарды бүгінгінің батырлары десе, артық айтқандық болмас. Кездесу барысында өңір басшысы Василийге оның осы батыл әрекеті үшін алғыс айтып, ізгі тілегін білдірді. Өз кезегінде Василий Гунько Отанға мінсіз қызмет ету өзінің азаматтық борышы екендігін жеткізді.

Гүлзана Қажымова болса, 2009 жылы ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкері, аға сержант Болат Қажымовтың жанжары. Бұл күнде  ержүрек азаматтың соңында қалған адал жары Айзат есімді жауқазын қызды аялап өсіріп келеді.  Гүлзана Ақмола облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес орталығында медицина қызметкері болып жұмыс істейді. Өңір басшысы Болат Қажымовтың ардақты есімін құрметпен еске алып, оның отбасына амандық пен жақсылық тіледі.  Өз кезегінде Гүлзана Қажымова облыс әкіміне алғысын білдіріп, үнемі қолдау көрсетіп отыратын полиция департаментіне де жүрекжарды ризашылығын жеткізді.      Бұдан кейін облыс басшысы Көкшетау-Щучинск бағытындағы блокбекеттегі қызметкерлерді  Отан қорғаушылар күнімен  құттықтады.  Осы жерде уақытпен санаспай жұртшылықтың денсаулығын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында  жауапты қызмет атқарып жатқан қызметкерлерге естелік сыйлықтар табыс етілді.

– Төтенше жағдай кезінде Отан қорғаушылар күнін мерекелеу жаңа, ерекше мәнге ие болғанын атап өтуіміз керек. Сіздерді, қоғам алдында үлкен жауапкершілік арқалап, әрдайым қауіп-қатерге қарсы тұрған, күні-түні ел тыныштығын күзеткен тәртіп пен қауіпсіздіктің қорғаны бола білген, тұрақтылық пен бейбітшіліктің сақшысы десек артық айтпағандығымыз. Сындарлы сәтте жарғақ құлақтарыңыз жастыққа тимей, күні-түні жұмыс орнынан шықпай, блокбекеттеріндегі қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етудесіздер. Карантин кезеңінде өңірімізде осындай  71 пункт құрылып, полицейлер мен медицина қызметкерлері және мемлекеттік қызметкерлер мінсіз қызмет етуде. Бүгін біз мереке аясында, өз елінің игілігі үшін қызмет етіп жүрген барлық азаматтарға алғыс айтамыз. Өңірімізде қоғамдық қауіпсіздік, тұрақты эпидемиологиялық жағдай қамтамасыз етілген. Отанымыз Қазақстан Республикасының өркендеуі үшін баршаңызға табыс, амандық және игі істер тілеймін!, – деді өңір басшысы өз сөзінде.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар