Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Төтенше жағдай режимінің алынғаны қуантады - АРҚА АЖАРЫ

Төтенше жағдай режимінің алынғаны қуантады

Берген БЕСПАЛИНОВ,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында қазіргі уақытта өзекті болып тұрған бірқатар мәселелер айтылды. Ағымдағы жылдың 11 мамырынан бастап елімізде төтенше жағдай алынды, бүгіннен бастап коронавирус індеті тұрақтанған аймақтарда карантин жеңілдетіледі.
Мемлекет басшысы өз мәлімдемесінде: «Бүгін бүкіл еліміздегі төтенше жағдай режимі аяқталды. Алайда, кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр. Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті. Сондықтан карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады» деп атап өтті. Шынымен де, біздің де облысқа пандемия әсер етпей қоймады. Нұр-Сұлтан қаласына жақын біздің аймақтың елді мекендерінде індеттің ошақтары да анықталғандығы белгілі. Медицина қызметкерлерінің және олармен қатар, алғы шепте карантин тәртібін сақтаған полиция қызметкерлерінің елеулі еңбектерінің арқасында дертті жеңіп келеміз.
Ақмола облысы аумағында мемлекеттік қызметшілердің қашықтықтан жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда облыстың мемлекеттік қызметшілерінің қашықтықтан тиімді жұмыс істеуі үшін барлық жағдайлар жасалған. Әрбір қызметшіні қажетті ақпараттық жүйелерге қашықтықтан қосу үшін техникалық мүмкіндіктер қамтамасыз етілген. Қашықтықтан жұмыс істейтін қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу еңбек заңнамасымен реттеледі және толық көлемде жүзеге асырылуда. Аталған өзгерістер мемлекеттік аппарат жұмысының форматын өзгертуге, мемлекеттік қызметшілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беріп отыр.
Президент өз мәлімдемесінде мемлекеттік қызметшілердің 50 пайызы қашықтықтан жұмыс істей береді деді. Бұл орайда, мемлекеттік қызмет орындарында қызметшілер бетпердемен жүріп, санитарлық нормаларды сақтағандары дұрыс. Әйтпегенде індеттің қайта өршуі мүмкін. Біз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың індеттің алдын алу мен күресу үшін барлық жасаған амалдары мен қабылдаған шешімдері үшін ризамыз.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар