Дағдарыстан қиналмай шығудың жаңа бағыты ұсынылды

Ғосман Төлеғұл, Ақмола облыстық  ардагерлер Кеңесінің төрағасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында сөйлеген сөзімен таныса отырып, халқымыздың бірер қиыншылықтарды басынан өткеріп, бүгінгі күні індеттің таралуына жол бермей, денсаулық сақтау органдары, құқық қорғау органдарымен бірлесіп  жасаған шаралардың  уақытында пайдаланылғаны анық екеніне көзім жетті.

Бүгінгі күні төтенше жағдай режимі шешілсе де, карантин шараларын әлі де қолданып, жақындары мен туған-туысқандарының денсаулығы үшін сақтық шараларын бәсеңдетпеу – саналы қоғамдағы әр азаматтың ісі болуы тиіс.

Сонымен қатар, Президенттің тапсырмасы бойынша елімізде дағдарысқа қарсы екі топтамасы жүзеге асырылуда. Аз уақыт ішінде аталған шаларалар нәтижелі болып, ел экономикасы да, халықтың әл-ауқатының күйі  де түзелетініне сенімдімін.

Бүгінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру арқылы азаматтық қоғам мен билік арасындағы талай сұрақтар шешімін тауып, оңтайлы жолдар пайдаланылып, түсіністік пен келісім көріністері пайда бола бастады. Бұл – өте жақсы жетістіктер, әрине, атқарылатын істер әлі де баршылық.  1 триллион теңгеге жуық қаржы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасына жаңа серпін беріп, халықты еңбекпен қамтуға көмектеспек.

Шағын және орта бизнесті қолдау, ірі кәсіпорындардың жұмысын жандандыру ісі – құзырлы органдардың шұғыл әрі тиімді жұмысына және жаңа уақытқа, жаңа талаптарға бейімделген намысшыл тұлғаларға байланысты.

Бірлігі жарасқан еліміздің алдында талай белестер тұр. Осы белестерді бағындыруға күш-қуатымыз жететініне сенемін!

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар