Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
2020 жылғы наурыз айы үшін Ақмола облыстағы инфляция және қаржы нарығындағы жағдай туралы - АРҚА АЖАРЫ

2020 жылғы наурыз айы үшін Ақмола облыстағы инфляция және қаржы нарығындағы жағдай туралы

Инфляция, қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және алтын валюта резервтері.
Ақмола облысының статистика департаментінің ресми деректері бойынша 2020 жылғы наурызда облыс бойынша тұтыну бағаларының индексі 2020 жылғы ақпанға қарағанда 100,7 пайызды, 2019 жылдың тиісті кезеңінде – 100,4 пайызды, республикалық мағынада – 100,9 (100,5 пайызды) құрады. Ақылы қызмет көрсету тарифтері 0,3 пайызға қымбаттады, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,4 пайызға, азық-түлік тауарлары – 1,2 пайызға қымбаттады.
2020 жылғы 6 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін базалық мөлшерлеме жылғы 9,5 пайызды құрайды.
Еліміздің алтын валюта резервтері бір айда 2,9 пайызға азайды, 87,2 миллиард АҚШ долларын құрады, оның ішінде Ұлттық Банкінің жалпы халықаралық резервтері 29,8 миллиард АҚШ долларын, Ұлттық қордың активтері 57,5 миллиард АҚШ долларын құрады.
Облыстағы қаржы нарығының жағдайы.
2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Ақмола облысының банк жүйесінде облыс орталығында және облыс бойынша орналасқан қосымша ғимараттарымен екінші деңгейлі банктердің 16 филиалы және «Қазпочта» АҚ Астана филиалы «Астана почтамты» Көкшетау ҚПБТ бар.
Валюта нарығы. 2020 жылдың наурыз айында АҚШ долларына теңгенің орташа алынған биржалық айырбастау бағамы 412,25 теңгені, еуроға – 457,21 теңгені, ресей рубліне – 5,66 теңгені құрады.
2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Ақмола облысының аумағында 89 айырбастау пункті жұмыс істейді, оның ішінде: 60 – банк филиалдарының, 29 уәкілетті ұйымның 22 айырбастау пункті бар.
2020 жылғы наурыз айында облыстағы айырбастау пунктері 11,7 миллион АҚШ долларын, 0,7 миллион еуро және 673,5 миллион ресей рублін сатты.
Депозит нарығы. 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша банктердегі депозиттерінің жалпы көлемі 178,3 миллиард теңгені құрады. Бұл 2019 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,6 пайызға өсті, өткен аймен салыстырғанда 0,3 пайызға азайды.
Депозиттердің жалпы сомасында теңгемен салынған депозиттердің үлес салмағы 72,8 пайыз.
Теңгемен салынған депозиттер бойынша орташа өлшемді пайыздық мөлшерлеме – 8,72 пайыз, шетел валютасы бойынша – 1,07 пайыз болып қалыптасты.
Облыс халқының жан басына шаққанда депозиттердің орташа мөлшері 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 242,2 мың теңгені құрады.
Кредит нарығы. 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бо-
йынша экономикаға салынған кредиттік салымдардың жалпы көлемі 232,8 миллиард теңгені құрады, бұл 2019 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 23,5 пайызға көп, ал өткен аймен салыстырғанда 1,3 пайызға өсті.
2020 жылғы наурыз айында облыс банктері сомасы 17,0 миллиард теңгеге кредит берді, бұл 2020 жылғы ақпан айынан 24,1 пайызға көп.
2020 жылғы наурыз айында теңгемен берілген кредиттер бойынша орташа салмақтанған пайыздық мөлшерлеме – 15,7 пайызды құрады, шетел валютасындағы кредиттер бойынша – 9,0 пайыз құрады.
Кредиттерді долларландыру деңгейі берілген кредиттердің жалпы көлемінен 0,5 пайызды құрады.
Тұтынушылық кредиттер. Банктердің тұтынушылық кредиттері бойынша облыс халқының берешегі 87,9 миллиард теңгені құрады. 2020 жылғы наурыз айында халыққа берілген тұтынушылық кредиттердің көлемі 2020 жылғы ақпан айымен салыстырғанда 1,0 пайыз азайып, 7 161,4 миллион теңгені құрады.
Ипотекалық кредиттер. Банктердің ипотекалық кредиттері бойынша облыс халқының берешек сомасы 43,0 миллиард теңгені құрады. 2020 жылғы наурыз айында берілген ипотекалық кредиттердің мөлшері 1 357,4 миллион теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2020 жылғы ақпан айымен салыстырғанда 28,5 пайызға, немесе 300,7 миллион теңгеге өсті.
Банктердің облыстың шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары. Банктердің облыстағы шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары 2020 жылғы 1 сәуірге 46,9 миллиард теңгені құрады. 2020 жылғы наурыз айында сомасы 4,0 миллиард теңгеге кредит берілді. Бұл көрсеткіш 2020 жылғы ақпан айымен салыстырғанда 78,4 пайызға (2020 жылғы ақпанда – 2,2 миллиард теңге берілді) өсті. Орташа салмақтанған сыйақы мөлшерлемесі 13,2 пайызды құрады.
Төлем карточкалар нарығы.
Айналымдағы төлем карточкаларының саны 2020 жылғы 1 сәуірге 892,0 мың бірлікті құрайды, өткен аймен салыстырғанда 4,7 пайызға өсті, республикалық көлемнен 2,5 пайызды құрады, Ақмола облысы бо-
йынша бұл карточкаларды ұстаушылар саны 767,8 мың адам құрады, өткен аймен салыстырғанда 3,0 пайызға азайды.
2020 жылғы наурыз айында төлем карточкалары пайдаланылған транзакциялар көлемі 66 793,7 миллион теңгені құрады (өткен аймен салыстырғанда 15,2 пайызға өсті). Транзакциялар саны 3 513,9 мың транзакцияны құрап, 7,3 пайызға өсті. Қолма қолсыз төлемдер саны 7,7 пайыз өсіп, 2 641,3 мың транзакцияны құрады, сомасы 20,5 пайызға өсіп, мөлшері 31 491,0 миллион теңгені құрады. Қолма-қол ақша алу бойынша операциялар 6,2 пайызға, саны 872,6 мыңға дейін өсті. Сомасы 10,9 пайызға өсіп, мөлшері 35 302,7 мың теңгені құрады.
2020 жылғы 1 сәуірге төлем карточкаларға қызмет көрсету желісі мына түрде ұсынылған: 3 827 POS-терминал (2019 жылғы 1 сәуірге – 3 117), 364 (332) – банкомат, 2 386 (2 310) – төлем карточкаларын қабылдайтын сауда кәсіпорны және қызмет көрсететін кәсіпорын.

Ұлттық Банкі Ақмола филиалының
ақпараты бойынша.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар