Қазақ білсін!

Сүт тағамдары

Қымыздың түрлері. Қазақтар жыл маусымына қарай қымызды уыз қымыз, жазғы қымыз, күзгі қымыз, қысқы қымыз деп атаған.
Уыз қымыз. Бұл бие сүтінің уыз дәмі тарамаған кезде ашытылған қою қымыз. Кейде оны май қымыз деп те атаған. Бұл алғашқы қымызды сапыруға ауылдың үлкен-кішісі жиналып, ақ ниетті тілек білдіріп, бөліп ішу халықтық салт болған.
Сары қымыз. Жаз ортасындағы, шөп әбден қызып буыны қатқан кездегі қымыз. Бұл кезде қоныс аудару сияқты көшіп-қонудан қымыз көп шайқалып, көп пісіледі де, ірімтігі жақсы жазылып ашуы білінбей қымыздың күші өз бойына сіңген сарғылт болады. Жаңа сабаның иісі, дәнге толған гүл бәйшешек шырындары қымызға ерекше дәм береді. Сары қымызды ішкен адам жадырап терлегіш, көп ішсе, маужырап, ұйықтағыш келеді. Қазақтардың тәжірибесі бо-
йынша бұл қымыз өте жұғымды, шипалы қасиеті мол болады.
Түнемел қымыз. Мол қырдың үстіне сүт қышқылы арнаулы торсықта сақталып, екі тәулік сапырылған, пісуі жеткен қымыз. Түнемел қымыз асықпай отырып, ұзақ мәжіліс-мәслихаттарда отырып ішуге даярланады. Оның қыздыратын күші болады. Сондықтан, оны көбінесе ет, құрт, май, ірімшікпен ішкен. Осыған орай Абайдың:
Осы қымыз қазаққа,
Мақтаның ба, асың ба.
Қымызды басар артынан,
Ет даяр ма қасында,–
дейтін өлеңі бар.
Құнан қымыз. Құнан қымыз үш тәулік бойы ашытылады. Ол саумал ішпейтін адамдарға беріледі. Кейде ол ас пен тойларға апару, қызық отырыс-
тар үшін даярланған.
Дөнен қымыз. Төрт тәулік бойы ашытылған, бес тәулік бойы ашытылған бесті қымыз, одан да күшті асау қымыз деген түрлері бар. Саумал қымыз баяу ашыған немесе ащы қымызға жаңа сауған бие сүтін қосып пісіру арқылы жұмсартылған, қарттар мен балаларға арналған қымыз. Осылайша қымыз түрлене береді. Қысырдың қымызы, бал, қымыз, сірге жаяр қымыз, ысталған қымыз т.с.с.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар