Көкшетау қаласында бірқатар өндірістік кәсіпорындар мен мекемелер жұмыстарын тоқтатпай, мүмкіндіктеріне қарай өз міндеттерін атқаруда.
«Көкшетау жолдары» серіктестігі Ш.Уәлиханов көшесінен бастап Н.Назарбаев даңғылының бойындағы жолға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Бүгінге дейін серіктестік Уәлиханов көшесінен Абылай хан даңғылына дейінгі 21331 шаршы метр аумақтың жолын жөндеп, 2582 тонна асфальт жабындысын төседі. Жол жөндеу жұмыстарымен 20-дан астам адам, 8 жүк көлігі, 2 асфальт төсейтін, 5 тегістейтін техника жұмыс істеуде. Н.Назарбаев даңғылы бойындағы жол учаскесіне асфальт төсеу жұмыстарын бес күнде аяқтаймыз, дейді серіктестіктің шебері Екпін Молдахмет.
Берік ЕСКЕНОВ.