Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жолдағы бекеттер әзірге алынбайды - АРҚА АЖАРЫ

Жолдағы бекеттер әзірге алынбайды

Қазақстанда қалалар арасындағы тас жолдарда блок постарды алу жоспарланып отырған жоқ. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев айтты.

«Бүгінгі күні қалалар арасындағы блок постар әлі де сақталады және облыстар мен өңірлер арасындағы қозғалысқа да шектеу бар. Қазіргі уақытта аталған блокпостарды алып бастауды көздеп отырған жоқпыз. Бұл, өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалдың әртүрлі болуымен байланысты. Оны өздеріңіз де көріп отырсыздар. Айталық, соңғы бірнеше күн бойы Шымкент қаласы мен Атырау облысында айтарлықтай өсім орын алуда. Өңірлер арасындағы карантин шараларын жеңілдету және блок посттарды алу инфекцияның Шымкент қаласынан Түркістан облысына немесе Атырау облысынан оған жақын өңірлерге таралуына әкелуі мүмкін», – деді ол «Денсаулық министрлігі хабарлайды…» бағдарламасы барысында. Осы ретте комитет төрағасы әуе рейстерінің қайта жанданып, жиіліктерін арттыру себебін түсіндіріп берді. «Ұшақта болу уақыты қысқа екендігін түсіну қажет. Нұр-Сұлтаннан Алматыға дейін 1,5 сағат қана ұшасың. Тәуекел айтарлықтай үлкен емес. Ал, халықтың бір өңірден екіншісіне жаппай қозғалуының тәуекелі өте жоғары. Адамдар өңірлердің арасында автомобильмен жаппай жүре бастайтындығын түсіну қажет. Ал, ол адамның бұған дейін қайда болғанын, кіммен қарым-қатынаста болғанын ешкім білмейді», – деді Тимур Сұлтанғазиев.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар