Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қанатқақты жобалардың қайтарымы мол - АРҚА АЖАРЫ

Қанатқақты жобалардың қайтарымы мол

Бүгінде әлем төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне қадам басты. Мұнда технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер даму тетігіне айналып отырғаны күнделікті тәжірибеден көрініс табуда. Үдемелі қозғалыс ендігі арада қалай жұмыс істейтінімізді айқындайды және азаматтық құндылықтарымызды тиімді пайдаланып, жалпы тыныс-тіршілігімізді, былайша айтқанда, өмір сапасын жақсартуымызды көздейді. Мемлекет басшысының Жолдауында, басқа да заңдық актілерде мұны іске асырудың жолдары көрсетіліп, механизмдері айқындалған.

ЖаҺандық өзгерістер мен сын-қатерлер қоғамның үнемі қозғалыста болуымен еңсерілетіндіктен, «Қазақстан-2050» Стратегиясы қабылданды. Оның қозғаушы күші және қоғамды қуаттандырушы тетігі еліміздің мейлінше дамыған отыз елінің қатарына кіру міндеті екендігі белгілі. Уақыт талабымен үйлесімділікті қазірдің өзінде 60 қадамы орындалып отырған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарынан, Индустрияландыру бағдарламасының табысты жүзеге асырылып жатқанынан байқауға болады. Яғни, Қазақстанның бейімделу сатысынан өтіп, ұлан-ғайыр өзгерістердің басты ойыншысына айналғанын Төртінші өнеркәсіптік революция жетістіктері дәлелдейді. Бұл орайда, астаналық Ақмола облысының да өзіндік үлесі бар. Мұны республикалық сараптамалық, мониторингтік және рейтингтік ұйымдардың қорытынды деректеріне сүйеніп айтып отырмыз.
Мемлекеттік Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру арқылы облыстың қайта өңдеу өнеркәсібі тұрақты даму жолына түсіп, өңірлік экономиканың құрылымы біршама өзгерді. Мысалы, 2-ші бесжылдық кезеңінде облыстың ішкі жалпы өніміндегі өнеркәсіп саласының үлесі 20 пайызды (2015 жылы – 223,3 млрд. теңге, ІЖО – 1121 млрд. теңге), ал 2018 жылдың қорытындысы бойынша 25,2 пайызды (433,1 млрд. теңге, ІЖО – 1699,9 млрд. теңге) құрады. Өндірістегі қайта өңдеу саласы 2015 жылғы 70 пайыздан, 2019 жылы 81,5 пайызға өсті. Бұл кәсіпорындардағы тауарлы өнімнің және негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінің айтарлықтай ұлғаюына жол ашты. Үдемелі Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аталған кезеңінде 189 миллиард теңгенің 39 жобасы іске асырылып, 4000 жұмыс орны құрылғаны елеулі жетістік деуіміз қажет. Бұл түбегейлі ойластырылған жаңа өндіріс ошақтарының игі қадамының жемісі.
Индустриялық-инновациялық бағдарлама шеңберінде бой көтерген жобалар қатарына облыс экономикасын дамытуда елеулі орны бар төмендегі кәсіпорындарды жатқызуға болады: Біржан сал ауданындағы жылына 2 миллион тонна өнім шығаратын «Көкше-Цемент» өндірістік бірлестігі (жоба құны 63,1 млрд. теңге), «Макинск құс фабрикасының» 1-ші кезеңінде ғана жылына 50 тонна құс еті алынуда (инвестиция көлемі – 45,6 миллиард теңге). Бұған қоса, Целиноград ауданындағы «Capital Projects Ltd» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, құны 15,1 миллиард теңгелік бройлер фабрикасы жылына 20 мың тонна құс етін дайындау қуатына ие.
Ал, жоба құны 3,4 миллиард теңгені құрайтын Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығындағы «Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы» бірлескен серіктестігі өңірдегі іргелі кәсіпорын саналады. Былтырғы жылы аталған бағдарлама аясында 4 миллиард теңге инвестиция салымындағы ірі 5 жоба іске асырылды. Оқырмандар назарына аталған кәсіпорындар дерегін бере кеткенді жөн көрдік:
1. Көкшетау қаласындағы «Жан-S» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің майлы дақылдарды қайта өңдеу зауыты. Жылдық қуаты 9360 тонна болатын жобаның құны – 200 миллион теңге. Мұнда 35 тұрақты жұмыс орны құрылған.
2. Целиноград ауданындағы «Шахман» ЖШС сүт өңдеу және сүт өнімдері кешені. Құрылысқа 90 миллион теңге инвестиция жұмылдырылып, 15 жұмыс орны ашылды.
3. Зеренді ауданындағы «BlicTerminal» ЖШС құс фабрикасы. Құрылыстың жалпы құны – 1 миллиард теңге. Қазір мұнда 30 адам жұмыс істеп жүр.
4. Жақсы ауданындағы «Урожай» ЖШС жарма және жылдам әзірленетін тағамдық ұлпа дайындау кешені. Мұндағы инвестициялық құйылым 2,6 миллиард теңгені құрап, тәулігіне 50 тонна өнім алынады. Кәсіпорын ұжымы 29 кісімен толықты.
5. Көкшетау қаласындағы «Намыс» құрылыс фирмасы» ЖШС темірбетон бұйымдарының құны 100 миллион теңгелік қосымша желісі жобасы. Өндірістік қуаттылығы 100 мың текше метр/тонналық кәсіпорында тағы да 30 жұмыс орны ашылды.
Облыста нақты сектордың жаңа технологияларға деген сұранысын ынталандыру мақсатында Индустрияландыру картасы түзілген. Мұның тиімділігін өңірдегі өнеркәсіп өнімі жалпы көрсеткішінің 52,4 пайызы аталған картаға енгізілген кәсіпорындардың еншісінде екендігімен дәлелдеуге болады. Ал, осы бағыттағы қайта өңдеу кәсіпорындары жалпы өнімнің 59 пайызын шығарып отыр. Сондай-ақ, бюджетке аударылған салық салымның 40,2 пайызы индустрияландыру картасына қатысушыларға тиесілі.
Үдемелі индустриялық инновациялық даму бағдарламасына қатысушы кәсіпорындар цифрландыру технологиясы жөніндегі қанатқақты жобаны іске асыруда белсенділік танытып, индустрияландырудың 4.0 үлгісін тәжірибеге енгізе бастады. Бұл бағытта 2018-2022 жылдар аралығында алдыңғы қатардағы 7 кәсіпорын жұмыс істеуде. Атап айтсақ, тау-кен өндірісі, құрылыс индустриясы, металлургия, машина жасау және химия өнеркәсібі саласының кәсіпорындары цифрландыру, өндіріс ауқымын оңтайландыру мен автоматтандыру жүйесін жеке қаражаттары есебінен (инвестицияның жалпы көлемі – 1925,8 миллион теңге) іске асыруда.
Бүгінгі күні жоғарыда аталған 11 жобаның алтауы толық қуатында жұмыс істеп тұр. «Тыныс» акционерлік қоғамы конструкторлық-технологиялық жүйені автоматтандыру», «Altyntau Kokshetau» АҚ карьерлер жұмысына радарлық мониторингтің IDS IBIS Rover/GroundProb SSR-XT, SAP басқару жүйесіндегі екі жобаны, «RG Gold» ЖШС кеніш алаңдарындағы радиобайланыстың баламалы-цифрлық технологиясын, «Семізбай U» ЖШС «Цифрлық кеніш» автоматтық жүйесін, «Степногорск тау-химия комбинаты» ЖШС «Темір жол және карьер көліктері жұмысына мониторинг жасау жүйесі» жобаларын кеңінен пайдалануда.
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасынан алынған деректер бойынша, 2022 жылдың соңына дейін «ГМК «Казахалтын», «Altyntau Kokshetau», «Көкше Цемент ӨБ» акционерлік қоғамдарында тағы да 5 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Мұның өзі Индустрияландыру бағытындағы кәсіпорындар жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналатындығына шүбә келтірмейді. Бұдан бөлек, ІТ және инжинирингтік қызмет көрсетуді дамыту ерекше маңызға ие болып қала бермекші.

Бақберген Амалбек,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар