Балаларды электр тоғының соғуынан қорғайық

Жаз басталып, мектеп оқушылары да каникулға шықты. Ересектер демалыс кезінде қауіпсіздік шараларын және өзін-өзі ұстау нормаларын сақтау жөнінде хабардар. Ал, балалар қауіпті электр нысандарының қасында өз-өзін қалай ұстауды біле бермейді. Электр тарату желісі мен электр нысандарының маңындағы ойындар, конструкциялар мен қауіпті электрқондырғыларда суретке түсу, сондай-ақ, электр қауіпсіздігі жөніндегі білімнің жоқтығы қайғылы оқиғаға алып келуі мүмкін. 2003-2020 жылдар аралығында «Көкшетау Энерго» серіктестігінің еңбеккерлері өз электр нысандарында бөгде адамдардың бірқатар қайғылы оқиғаларын тіркеді. Оның ішінде 5 оқиғаға балалар мен жасөспірімдер қатысқан. Олардың барлығы электр жарақатын алды, бір жасөспірім қайтыс болды.

Мәселен, 2003 жылы «Юбилейный» шағын ауданында футбол ойнап жүрген бала доптың соңынан трансформатор пункті аумағына кіріп, тоққа түскен. 2009 жылы «Қажымұқан» спорт кешені маңында дәл осындай жағдаймен бір бала трансформатор пунктіне кіріп, ауыр жарақат алды. 2010 жылы Бурабай ауданының Успено-Юрьевка селосында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасының кішкентай қызы шағын станцияға кіріп, ауыр жарақат алды. Осының салдарынан екі қолынан айы-рылды. Осы кезде қыздың шешесі масаң күйде болған. 2012 жылы Біржан сал атындағы ауданда бір топ жасөспірімдер шарбақ астын қазып, Донской селосындағы 35/10 кВ шағын станциясының аумағына кірген. Осының салдарынан бір бала тоққа түсіп, қолынан айырылды. Шетел дәрігерлері көмектесе алмады. 2013 жылы Краснояр селосының шетінде жасөспірім селфиге түсемін деп 35 мың вольт электр тарату желісінің темір бағанасына шыққан. Суретке түсу кезінде сымға тым жақындап, сол жерде жан тапсырды. Балалар жазғы каникул кезінде көп жарақаттанады.Осы кезде балалар ата-аналар мен ұстаздардың бақылауынан тыс қалады. Статистика бойынша электр жарақатынан өлетіндер саны жоғары, ол 10 пайыздан асады. Мамандардың қадағалауына қарағанда, ауруханаға әртүрлі электр жарақатымен 10-14 жас аралығындағы балалар түседі.
Әсіресе, осы жаста олар әуесқойлыққа және достарының арасында ерекшеленуге ұмтылады. Ересектер электр тарату желісінің күзетілетін аумағында жұмыс істеу, электр желісіне заңсыз қосылу немесе сым ұрлау кезінде жарақат алады. 1000 және одан жоғары вольтқа дейінгі қондырғыларда тоққа түсу ішкі ағзаларды зақымдайды, өмірмен қоштастырады. 220 вольттік тұрмыстық электр жүйесі ауыспалы тоғының соғуы адамды өлтіреді. Ол жүректің кенеттен тоқтауына, дененің күюіне жол ашады. Энергетиктер жарақаттануды азайту бо-йынша оң үрдіс тұрғындардың электр қауіпсіздігі мәдениеті деңгейінің өсуімен байланысты екенін айтады. Қауіпті электр нысандар маңында өзін-өзі ұстау ережесін білу баланың денсаулығы мен өмірін сақтауға көмектеседі. Мамандар балалармен жүргізілетін тәрбиелік әңгімелер алда болатын бірқатар мәселелерді шешетініне сенімді. Сақтық шараларын сақтамау кезінде тұрмыстық аспаптардан бастап трансформаторлық шағын станциялар мен электр тарату желілері тәрізді барлық электр нысандар қауіпті. Бұл бағытта біздің компаниямен қауіпсіздік шараларын жақсарту және бөтен адамдардың араласуынан электр қондырғыларды қорғау бойынша үлкен жұмыс атқарылуда. «Көкшетау Энерго» серіктестігі қоршауды қалпына келтірді немесе ауыстырды. Қауіпсіздік плакаттарының саны көбейді. Электр қондырғылардың сыртында қауіпсіздік жөнінде адамдарды ескерту үшін бояулы найзағай салынған арнайы белгілер мен плакаттар ілінеді. Оқу орындарында «Көкшетау Энерго» серіктестігінің тиісті қызметі әртүрлі әдістемелік материалдарды көрсетіп, жалпы білім беру жұмысын жүргізеді. Биылғы жылы, өкінішке орай, еліміздегі қиын жағдайға байланысты бұл бағытта жұмыс жүргізуге мүмкіндік болмады. Осыған байланысты жұмыс БАҚ және әлеуметтік желі арқылы жанданды.
Құрметті ата-аналар мен ұстаздар! Электр тоғынан зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетудің қарапайым ережесімен тағы да танысуды ұсынамыз. Біріншіден, адамды тоқ соққан кезде не істеу керек? Оны тоқ көзінен айыру кезінде өз қауіпсіздігіңді қамтамасыз ету қажет. Электр қуатын ажырату керек. Егер адамның денесі ашық сымға тисе, ағаш таяқпен сымды зардап шегушіден лақтырып тастау керек немесе сымды ағаш сабы бар балтамен шауып, киімі құрғақ болса және денесіне жабысып тұрмаса, оны киімінен тарту керек. Сондай-ақ, зардап шегушіге мүмкіндігінше реанимациялық іс-шаралар жасап, 103 телефоны арқылы жедел медициналық көмек шақыру немесе қайғылы оқиға туралы 112 құтқару қызметіне хабарлау қажет. Электр қауіпсіздігі тақырыбының маңыздылығы мен өзектілігін ескере отырып, «Көкшетау Энерго» серіктестігінің мамандары қазір каникулда жүрген өскелең ұрпақпен, балалармен таныстыру әңгімелерін өткізуді ұсынады. Бұл келеңсіз салдарлар туралы адамдарды хабардар етіп қана қоймай, өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін бақытсыз жағдайлардан қорғауға да мүмкіндік береді. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!
«Көкшетау Энерго» серіктестігінің
баспасөз қызметі.

БАЛАЛАРДЫҢ ЭЛЕКТР ҚАУІПСІЗДІГІ: НЕНІ БІЛУІМІЗ МАҢЫЗДЫ

Біздің күнделікті және таптырмас көмекшіміз – бұл электр энергиясы. Осы ресурстың арқасында біздің үйде әрдайым жарық және жылу болып тұрады, тұрмыстық құралдар жұмыс істейді.
Алайда, қауіпсіздік ережелерін сақтамау қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін екенін есте сақтау қажет.
Үйде және көшеде электр тоғымен зақымданудан өзіңді қалай сақтау керек:
розеткадан қос тілді сымнан алып тартпау;
қосылған электр құралдарына дымқыл қолмен ұстамау;
жарамсыз электр аспаптарын пайдаланбау;
саусақтарды және бөгде заттарды розеткаға салмау;
электр желілеріне жақын ойнамау;
үзілген, салбыраған және жерде жатқан сымдарға тиіспеу;
бөгде заттарды сымдарға тастамау;
трансформаторлық қосалқы станциялардың аумағына кірмеу;
электр желілерінің бағанасына шықпау;
трансформаторлық бекеттердің ішіне кірмеу;
электр желісінің аумағында ұзын қармақпен балық ауламау;
электр желісінің аумағында от жақпау;
батпырауықты ұшырмау;
темір анкерлік бағанаға шығу арқылы селфи жасамау.
Әдетте, электр қондырғыларының сыртында адамдар қаупінің алдын алу үшін бояулы найзағайдың бейнесі бар арнайы белгілер немесе плакаттар орнатылады.
Олардың әрқайсысы адамның өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді, назар аудару үшін ашық түсті – қызыл және сары түсті бояу пайдаланылады.
Қарапайым кеңестерге және қауіпті нысандардағы арнайы белгілерге мұқият қарап, егер біреу абайсыздан электр тоғына түсіп қалса, не істеу керектігін білу қажет.
Біріншіден, адам тоққа түскенде құтқарушы өз қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, электр қуатын өшіреді. Егер адамның денесі ашық сымға тисе, ағаш таяқпен сымды зардап шегушіден лақтырып тастау немесе сымды ағаш сабы бар балтамен шауып, киімі құрғақ болса және денесіне жабысып тұрмаса, оны киімнен алып тарту керек.
Сондай-ақ, мүмкіндігінше зардап шегушіге реанимациялық іс-шаралар жүргізіп, 103 телефоны арқылы жедел медициналық көмек шақыру немесе қайғылы оқиға туралы 112 құтқару қызметіне хабарлау қажет.
Электр қауіпсіздігі тақырыбының маңыздылығы мен өзектілігін ескере отырып, «Көкшетау Энерго» серіктестігінің мамандары қазір каникулда жүрген өскелең ұрпақпен, балалармен таныстыру әңгімелерін өткізуді ұсынады.
Бұл келеңсіз оқиғалар туралы хабардар етіп қана қоймай, адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қауіпті жағдайлардан қорғауға да мүмкіндік береді.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар