Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Халықаралық конференция - АРҚА АЖАРЫ

Халықаралық конференция

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Ақмола облысының әкімдігімен және Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетімен бірлесіп, онлайн режимінде «Н.Ә.Назарбаев және Қазақстанның халықаралық бастамалары: тәжірибе және басымдықтар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Ауқымды тақырыптар қарастырылған шараға облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова қатысты.

Аталмыш шараның ашылу бөлімінде Тұңғыш Президент Кеңсесінің басшысы Махмуд Қасымбековтің құттықтау сөзі оқылды. Конференцияның негізгі жұмыс бағыттары «Халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ғаламдық бастамалары», «Қазақстан және мега аймақтық қауіпсіздік: қауіп-қатерлер мен тәуекелдер», «Ядролық қарусыз әлемге жол: Елбасы бастамалары», «Бейбітшілік. ХХІ ғасыр»: жаңа жаһандық ынтымақтастық дәуірінің манифесі», «Қазақстанның бітімгершілік миссиясы» атты тақырыптарды қамтыды. Айтулы шараны Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов жүргізді. Ол өз сөзінде:
– Бұл конференция тәуелсіздік жылдарындағы қол жеткізілген Қазақстанның тарихи тәжірибесі мен даму әлеуетін бағалауға және пайымдауға арналып отыр, –деп атап өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тұрақтылық пен бейбітшілікті, халықаралық қатынастарды трансформациялау үшін өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі мәселелерін нығайтудағы бастамаларының рөлі мен маңыздылығын талқылауға сарапшылар мен жас ғалымдарды тарту мақсатында өткізілді.
Конференция жұмысына мемлекетіміздің саяси, іскер және ғылыми элитасы, Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктер мен миссиялардың, өңірлік мемлекеттік университеттерінің өкілдері, сондай-ақ Ресей, АҚШ, Түркия, Швейцария және басқа елдердің сарапшылары қатысты.
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Марат Сырлыбаев конференцияда «Халықаралық стандарттарға сай білім беру: Елбасы бастамалары» атты тақырыпта баяндама жасады.
– Бүгінгі жаһандану мен интеграция жағдайында, әлем жаңа мүмкіндіктермен, жаңа мәселелерді көтеріп жатқанда адами капиталды арттыру, білім саласындағы жаңа әдістер, ұлттың зияткерлік әлеуетін сапалы жаңғырту мәселелері өткір, әрі өзекті болып отыр. Осы үрдісте басты рөлді жоғары оқу орындары – университеттер, институттар, академиялар атқаруы қажет. Олардың мақсаты – мемлекеттің және өңірлердің экономикасын дамытуға қажетті сапалы мамандар даярлау мен ұлттық және халықаралық еңбек нарығына керек, бәсекеге қабілетті, табысты мемлекетті қалыптастыра білетін қазақстандық жас буынға білім беру. Біздің ойымызша, ол үшін барлық жағдай жасалған және берік негіз де дайындалған, нақты бағыттар мен стратегиялар анықталған. Осының бәрі бірнеше жылдар бойы жаһандық баянды бастамаларды көтерген, әлемдік қауымдастықтың назарын аудара білген және қазақстандық білімді халықаралық деңгейге жеткізуге күш салған Елбасының көреген саясатының арқасы, – деді ректор Марат Қадырұлы.
Университетте алдағы уақытта Абай Құнанбайұлының 175, Әл-Фарабидің 1150 жылдықтарына, көрнекті Мемлекет және қоғам қайраткері Еркін Әуелбековтің 90 жылдығына арналған ірі ғылыми конференциялар өтеді деп күтілуде.
Ырысалды АХМЕТҚАЛИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар