Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
1 маусымнан темір жолда жолаушылар қайта тасымалдана бастады - АРҚА АЖАРЫ

1 маусымнан темір жолда жолаушылар қайта тасымалдана бастады

1 маусымнан бастап Қазақстан бойынша теміржол жолаушылар қатынастары іске қосылды, –деп хабарлайды Bag.кz.
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешімімен және де Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің келісімімен 2020 жылдың 1 маусымынан Қазақстан бойынша Көліктегі мемлекеттік бас санитарлық дәрігер талаптарын ескере отырып, теміржол жолаушылар қатынастары кезең-кезеңмен қалпына келтіріледі.
Өз жолаушыларының қауіпсіз жол жүруі мақсатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ барлық жылжымалы құрамдарын жазғы маусымға даярлап қойды. Қолайлы ауа ылғалдығы мен температуралық жағдайды қамтамасыз ету үшін желдеткіш пен ауа баптау жүйелеріне тексеріс жүргізілді. Табиғи желдетудің болуында тәулігіне 10 минуттан ауаны 3 рет тазарту ұсынылады.
Жол жүру барысында және әрбір рейстен кейін зарарсыздандыру құралдарын пайдаланып, вагондарда тазарту жұмыстары жүргізіледі.
Коронавирус пандемиясына байланысты Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, жол жүруге алдын ала дайындалуды және жолға жеке қорғаныс құралдарын қажетті мөлшерде алып жүруін сұрайды. Сондай-ақ, өздерімен бірге сусындар мен тамақтарын да алып жүрулері тиіс, өйткені, вагон-ресторандар жұмысына әлі рұқсат етілмеген.
2020 жылдың 1 маусымынан жолаушылар пойыздарға отыру үшін вокзалдарға тек жеке қорғаныс құралдары және жол жүру құжаты (билеті) болғанда ғана жіберіледі, ал, шығарып салушылар кіргізілмейді.
Вокзал ғимаратына кірер алдында байланыссыз жолаушылар термометриясы міндетті түрде жүргізіледі. Жолаушы вокзалда болудың жаңа талаптарын сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартылатынын да атай кету қажет. Күту залдарында жолаушылар 1 метрден кем
емес әлеуметтік қашықтықта отырғызылады. Жол жүру барысында науқастанғанда немесе өзін жаман сезінгенде жолаушы барлық туындаған мәселелер бойынша вагон жолсерігіне жүгіне алады.
Ұлттық тасымалдаушы 2020 жылдың 15 мамырынан теміржол билеттерін сату басталғандығын қаперге салады және де өз жолаушыларын жол жүру құжаттарын қашықтық режимінде BILET.RAILWAYS.KZ. сайтынан рәсімдеуге шақырады.
Жолаушылар пойыздар қозғалысының кестесі бойынша барлық анықтамалық ақпаратты «105» нөмірі бойынша біле алады, сондай-ақ, жолаушылардан өтініштер мен шағымдар қабылдау үшін «1433» бірыңғай тәулік бойғы байланыс-орталығы жұмыс істеп тұр.
Ы.Төлегенқызы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар