Бурабай ауданына қарасты Қызылағаш ауылындағы «Есіл-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің озат механизаторы Мұрат Тоқтамысов. Мұраттың бұл шаруашылықта еңбек етіп жүргеніне біраз жыл болды. Сол уақыттың ішінде тәжірибелі тракторшы кәсіби шеберлігін шындап жақсы көрсеткіштерге жетіп жүр. Өзіне сеніп тапсырылған «Бюллер Хорш» тракторын күтіп ұстағандықтан, техника биылғы науқанда тоқтаусыз жұмыс істеуде. Ол өз тәжірибесін жастарға үйретуден де жалыққан емес. Ұжымда оны өз ісін жақсы білетін білікті маман ретінде сыйлап, құрметтейді.
Суреттерде: «Есіл-Агро» ауыл шаруашылығы кәсіпорнының озат механизаторы Мұрат Тоқтамысов.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар