Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қайырымдылық - АРҚА АЖАРЫ

Қайырымдылық

Жомарттық – жақсы қасиет

«Қайырымдылық керуені» республикалық жобасы – көмекке мұқтаж жандарға жәрдем көрсетуге ниетті азаматтар арасында өтетін арнайы байқау. Аталмыш жобаның ұйымдастырушылары Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры және Іскер әйелдер ассоциациясы болып табылады. Байқауға республикадан 200-ден астам жомарт жүректі жан қатысып, 5 номинация бойынша 15 жеңімпаз іріктеліп алынды. Ұлттық жобада топ жарғандар мұқтаж жандарға, көпбалалы отбасыларға қайтарымсыз көмек көрсетіп, көптің алғысын алған азаматтар.

Мәселен, Әсемгүл Сыйлыбаева 6 баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана. Ол былтыр мемлекеттік бағдарламамен жаңа пәтерге қоныстанды. «Күміс алқа» иегері балаларының күтімімен айналысады, жұмыс істеуге уақыты бола бермейді. Жалғызбасты және көпбалалы ана ретінде жәрдемақы алады. Бар ауыртпалыққа мойымаған анаға «Қайырымдылық керуені» шарасы аясында да көмек көрсетілді. Әсемгүл жомарт жандардың жүрек жылуы үшін алғысын білдіруде.
– Облыстық іскер әйелдер қауымдастығы өкілдерімен танысқанға дейін тұрмыс жағдайым қиын болды. Олар бізге азық-түлік әкеліп, көмек берді. «Нұр Отан» партиясының тізіміне жаздыртып, төтенше жағдай кезінде 50 мың теңге әлеуметтік көмек алдым. Мешіттен, аталмыш қауымдастық төрайымы Дәмелі Қойшинадан жиі көмек келіп тұрады. Барша қайырымды азаматтарға алғыс айтамын, –деді жалғызбасты ана Әсемгүл Сыйлыбаева.
Аталған ұйым белсенділері биыл екінші жыл «Қайырымдылық керуені» шарасына қатысып, мұқтаж жандарға көмек көрсетуде.
–Іскер әйелдер қауымдастығы біздің облыс атынан осымен екінші жыл қатарынан осы шараға қатысып, үздіктер қатарынан көрінуде. Олар арнайы Алғыс хаттармен, төсбелгімен марапатталды, –дейді республикалық «Қайырымдылық керуені» жобасының Ақмола облысы бойынша үйлестірушісі Раушан Тұранова.
Акция айында жан жылуымен бөлісуге асыққан азаматтар ішінде «Мейірім жолында» медалімен марапатталғандар да бар. Солардың бірі Айниса Әбжанова:
–Төтенше жағдай уақытында біз қаламыздың барлық көпбалалы отбасыларына әлеуметтік көмек көрсеттік. Краснояр, Станционный, Кенесары елді мекендеріндегі отбасыларға көмек қолын ұсынып, азық-түлікпен қамтыдық. Мешіттерден мұқтаж отбасылардың тізімін алып, аудандарға да бардық, –дейді.
Ұлттық жобаға қатысушылар саны жыл санап артып келеді. Биыл олардың ұзын саны 231-ге жеткен. Жоба аясында Айниса Әбжановамен қатар, тағы бір көкшетаулық жас Ұлдана Совет – «Батыл жүрек» номинациясының жеңімпазы атанды. Ұлдана өртке оранған үйден екі сіңілісі мен інісін құтқарған.

Ырысалды ШАМШИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар