Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Коронавирусқа шалдықпайтын адамдар - АРҚА АЖАРЫ

Коронавирусқа шалдықпайтын адамдар

Ғалымдар SARS-CoV вирусын бұрын жұқтырған адамдардың денесінде түрлі антиденелер түзілетінін айтады. Бұл антиденелер ағзаны коронавирустың жаңа түрінен қорғайды екен.
Нәтижесінде, коронавирусқа шалдықпайтын адамдардың анықталғаны туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады. Осылайша, 2003 жылы сол тұста белең алған өкпе қабынуына шалдығып, емделіп шыққандардың коронавирусқа шалдықпайтыны белгілі болған.
Сонымен қатар, зерттеушілер S309 антиденесі SARS-CoV-2 вирусын белсенді түрде бейтараптандыратын қасиетке ие екенін де анықтаған. Яғни, ауыр респираторлы синдромына шалдыққандар коронавирусқа төтеп бере алады. Мамандар бұл зерттеу нәтижесін COVID-19-ды емдеу барысында қолдануға болатынын айтады. Алдағы уақытта олар бойында коронавирусқа қарсы антидене табылған адамдардың плазмасын жағдайы ауыр науқастарға құю арқылы емдемекші.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажары» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар