Қызметке орналасу конкурсына онлайн режімде қатысуға болады

Ақмола облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ұйымдастырылған брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Ережесіне енгізілген өзгерістер жөнінде баян етті.
Оның айтуынша, түзетулерге сәйкес, әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдарын қолдану арқылы жүргізілуі мүмкін. Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде көрсетуге жол беріледі. Барлық өзгертулер кадрларды іріктеу процесін жетілдіруге бағытталған.
-Бос лауазымға орналасуға жалпы конкурсқа қатысу үшін азаматтар ұсынатын құжаттардың тізбесі қысқартылды. Конкурсқа қатысу туралы өтінішке бар болғаны екі құжат қосылады: дипломның көшірмесі және қызмет тізімі. Құжаттарды қолма-қол, сондай-ақ электрондық почта немесе «E-gov» порталы арқылы электронды түрде беруге болады. Үміткерде заңнаманы білуге тестілеуден өткені туралы сертификаттың және жеке қасиеттерін бағалаудан өткені туралы қорытындының болуын персоналды басқару қызметі «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы тексереді. Өзге қажетті құжаттарды конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған үміткер ғана тапсырады, – деді департамент басшысы.
Өзгерістерге сәйкес, конкурстық комиссияның шешімі бойынша бос лауазымға ең көп балл жинаған кандидат ие бола алады. Бұған дейін осы шешім конкурстық комиссия мүшелерінің дауыс беруі арқылы қабылданып келген еді. Өзгертулермен кандидаттарға қойылатын сұрақтардың шекті саны анықталды. Конкурстық комиссия сұрақтар мен эсседен басқа, іріктеудің өзге құралдарын да пайдалана алады. Бұл ретте, оларды қолдану туралы ақпарат хабарландыруда көрсетіледі.
Осылайша, мемлекеттік қызметке орналасуға арналған конкурсқа қатысу ашық және қолжетімді бола түсті.

Қ.КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар