Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Елорданы газдандыру жобасын бекіткеннен бері бұл стратегиялық маңызды жұмыс жедел түрде жүзеге асырылып жатыр.
Қызылорда облысының Қараөзек елді мекенінен басталған газ құбыры бүгіндері Нұр-Сұлтан қаласының ішіне енді. Бұл мәселе шаһар әкімі Алтай Көлгіновтың назарынан бірде-бір түскен емес.
Қазіргі кезде қаланың шет аймақтарында соған сәйкес дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Газбен қамтылатын аймаққа Көктал-1 және 2, Агроқалашық, Промышленный, Железнодорожный, сондай-ақ, биылғы қысқы жылу беру маусымына дейін Мичурин, Интернациональный, Күйгенжар, Тельман, ал, үшінші кезеңде – Шұбар, Өндіріс елді мекендері толықтай кірмекші. Қала әкімінің берген мәліметіне қарағанда, Елорда 2023 жылға дейін мүмкіндігінше газбен толық қамтамасыз етіледі.
Жанат ТҮГЕЛБАЕВ.
Нұр-Сұлтан қаласы.