2018 жылғы жасөсіпірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, 19 жастағы былғары қолғап шебері Талғат Шәйкен Қазақстан атынан кәсіби рингте өнер көрсететін болды.
Бұл туралы боксшы өзінің әлеуметтік желіде парақшасында жазды. Онда ол MTK Global проумоутерлік компаниясымен келісімшартқа тұрғанын айтады.
«Құрметті достар, кәсіби боксқа ауысқаныма қолдау білдіргендеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Мен дүниежүзіндегі көшбасшы МТК GLOBAL менеджерлік компаниясымен келісімшартқа тұрдым. Енід қазақстандықтарды кәсіби бокстағы жеңістеріммен қуантуға тырысамын», — дейді боксшы.
Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, жерлесіміз 2018 жылғы жасөсіпірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының күміс жүлде иеленді, 2019 жылы бокстан ересектер арасындағы өткен республикалық біріншілікте топ жарды.
MTK GLOBAL KAZAKHSTAN менеджерлік компаниясының басшысы Асқар Салықбаев мәлім еткендей, бұл келісімшарт ұзақ жылдарға арналған.
Махаббат БОЛЬШИНА,
Ақмола облыстық дене шынықтыру және
спорт басқармасының баспасөз хатшысы.