Африкада эбола безгегі тарауда

Маусым айы басталысымен Конго Демократиялық республикасы елде эбола безгегі шыққанын мәлімдеді. Дерттен бес адам қайтыс болған, – деп хабарлайды РИА Новости.
Дереккөз мәліметтеріне сүйенсек, эбола безгегі Мбандака қаласында тарай бастаған. 1,5 миллион халық тұратын қалада бұл індеттен бес адам қайтыс болып, тағы екі адамнан осы диагноз расталған. Осыған байланысты үкіметтегілер шұғыл түрде өңірлерге дәрігерлер мен дәрі-дәрмектер жіберіп жатыр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қызметкерлері Мбандака қаласына ұшып барған.
– «ДДҰ-ның өкілдері Мбандакада науқастарға көмек көрсетіп жатыр. Бұл дерт әлем халқының денсаулығыга қауіп төндіретін жалғыз дерт емес екенін еске салады», – деп жазған ДДҰ басшысы Тедрос Гебрейесус Twitter желісіндегі парақшасында.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар