5 маусым күні – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін атап өту шеңберінде Ақмола облысы бойынша экология департаменті эко-амбассадор және «Жасыл ел» мамандарымен бірлесіп экологиялық акция өткізді.
Шара барысында Қопа көлінің жағасындағы жаңа неке сарайының ауласына 1000-ға жуық гүл көшеттері отырғызылды. «Гүлге көмкерілген аллея жас жұбайлар мен қала тұрғындарының сүйікті орнына айналатыны сөзсіз», — дейді департаменттің баспасөз қызметі.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.