Көкшетауда экологиялық акция ұйымдастырылды

5 маусым күні – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін атап өту шеңберінде Ақмола облысы бойынша экология департаменті эко-амбассадор және «Жасыл ел» мамандарымен бірлесіп экологиялық акция өткізді.

Шара барысында Қопа көлінің жағасындағы жаңа неке сарайының ауласына 1000-ға жуық гүл көшеттері отырғызылды. «Гүлге көмкерілген аллея жас жұбайлар мен қала тұрғындарының сүйікті орнына айналатыны сөзсіз», – дейді департаменттің баспасөз қызметі.

Аслан ОСПАНОВ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар