Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ерлікті дәріптеу – жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеу - АРҚА АЖАРЫ

Ерлікті дәріптеу – жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеу

Осыдан 79 жыл бұрын адамзат тарихында өшпес із қалдырған – Ұлы Отан соғысы басталды. Халық тағдырымен тығыз байланысты бұл оқиғаны біз тарих парақтарынан алып тастай алмаймыз. Отан қорғауға ерлер мен әйелдердің құқығы тең болған еді. Олар Отан үшін күресіп, жауға қарсы тұрды. Шығыстың қос батыр қызы Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова осы зұлматтың құрбандары болды. Соғыстың барлық ауыртпалығын қарапайым солдаттар мен офицерлер көтерді. Олар қажыр-қайратымен Жеңісті жақындата түсті. Төрт жылға созылған зұлматты еңсеріп, көптен күткен Жеңіс қуанышы әлемге жайылды, тарихымызда мәңгілікке жазылып қалды.
Ата-бабаларымыз майданда жан аямай арпалысты. Олар біз үшін, болашақ үшін, туған жер үшін жауға қарсы тұрып, үлкен ерлік көрсетті. Майдангер аталарымыз бен әжелеріміздің ерліктерін мақтан тұтып, оны келешек ұрпақтың естерінде мәңгі қалдыру – әр адам баласының міндеті. Біз енді осы ата-бабаларымыздың үмітін ақтауымыз керек. Себебі, болашақ біздің қолымызда.
Бүгінгі ұрпақ – өзіміздің бейбіт өмірімізде, алаңсыз күлкімізде, тыныш ұйқымызда, тербелген тал бесіктің қуанышында. Отанды қорғаған аталарымыз бен әжелеріміздің мәңгілік үлесі тұрғанын ұмытпай, олардың ұрпаққа аманат етіп қалдырған Ұлы Жеңісін қадірлей білейік.

Роза СӘДУАҚАСОВА,
Көкшетау қаласындағы №15 «Әсел» балабақшасының тәрбиешісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар