«Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамыту бағдарламасы аясында Ақмола облысы бойынша энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында алты нысан салынды.
2015-2019 жылдары аталмыш бағдарлама аясында жылумен, сумен қамтамасыз ету және су тарту жүйесін дамытудың 8 жобасын жүзеге асыруға 20,7 миллиард теңге қаржы жұмсалды. Көкшетау қаласындағы Қопа көлінің жағалауындағы тұрғын үйлердің сыртқы инженерлік жүйесін «АП Импекс» серіктестігі қалпына келтірді. 2015-2016 жылдары 1633,4 миллион теңге игерілді. Нысан 2016 жылдың қазанында пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Краснояр селосында инженерлік жүйесі тартылған модульдік бу қазандығын «Азияэнергопроектмонтаж» серіктестігі салды. Екі жылдың ішінде 898,1 миллион теңге игерілді. Нысан 2016 жылдың тамызында пайдалануға берілді. Есіл ауданының орталығында жылу жүйесі тартылған орталық бу қазандығының құрылысын «Азияэнергопроектмонтаж» серіктестігі жүргізді. 6621,8 миллион жұмсалған нысан 2018 жылдың аяғында пайдалануға берілді.
Степногорск қаласының сумен қамтамасыз ету және су тарту жүйесін «Дорстройтрест» серіктестігі қалпына келтірді. 2016-2017 жылдары 1 359,2 миллион теңге игерілді. Нысан 2017 жылдың соңында пайдалануға берілді. Степногорск қаласындағы Ақсу, Заводской кенттерінің сумен қамтамасыз ету жүйесін «Бали строй» серіктестігі қалпына келтірді. Бөлінген 1526,6 миллион теңге толық игерілді. Сандықтау ауданында орналасқан Шаңтөбе кентіндегі бу қазандығының құрылысын «Азияэнергопроектмонтаж» серіктестігі жүргізді. 1028,8 миллион теңге жұмсалған нысан 2018 жылдың қазанында пайдалануға берілді. Жарқайың ауданының орталығындағы тазалағыш ғимараты бар кәріз жүйесін «Нұр-ХХІ» серіктестігі қалпына келтірді. Екі жылдың ішінде
2 088 миллион теңге толық игерілді. Нысан 2018 жылдың соңында пайдалануға берілді. Степногорск қаласындағы «Сопки-305» су тазалайтын ғимаратын «АП-Импекс» серіктестігі қалпына келтірді. 2018 жылы 726,6 миллион теңге, 2019 жылы 4 579,5 миллион теңге бөлініп, 95 пайызы игерілді. Келісім-шартқа сәйкес нысан 2020 жылдың соңында пайдалануға беріледі. Жоба жүзеге асқанда, Степногорск қаласының тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
Нияз РАҚЫМОВ,
облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы.