Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Білім жолындағы жаңа белес - АРҚА АЖАРЫ

Білім жолындағы жаңа белес

Барлық әлемді жаулаған қауіпті індет салдарынан еліміздің білім беру жүйесі 2020 жылдың 6 сәуірінде тұңғыш рет қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті. Білім саласындағы тарихи өзгеріс алдымен ұстаздардың, одан кейін ата-аналар мен оқушылардың жүрегін дір еткізіп, үрей тудырғаны да жасырын емес.

Алғашқы кезде осы жаңалықты бәріміз қорқынышпен қабылдағанымыз – заңдылық. Аталмыш жағдайға байланысты сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда ұстаздардың  атқарар рөлі зор. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтықтан оқыту туралы өз пікірімен бөлісіп, ұстаздарға зор сенім білдірді. Қашықтықтан оқыту үшін ұстаздар мен оқушыларға «Kundelik.kz», «Daryn.online», «BilimLand», тағы басқа веб-сервистер арқылы оқу ұсынылды.
Біржан сал ауданы Макин орта мектебінің  педагогикалық ұжымы өздерінің кәсіби шеберліктері мен тәжірибелерін шыңдай отырып, оқытудың жаңа үлгісіне жауапкершілікпен қарады. Ұжымдағы әр ұстаз өз шәкірттеріне, ата-аналарына бағыт-бағдар, түсіндірме жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізіп, оқыту мен оқу үрдісін жалғастырды.
Бастапқыда бұл жұмыс қалай болады деген қобалжу болғанымен, қазіргі уақытта қашықтықтан оқыту жобасы арқылы мектебіміздің барлық мұғалімі тәжірибе жинақтап, оқытудың жаңа тәсілдерін үйреніп алды. Осы уақыт аралығында мұғалімдер де, оқушылар да өзара білім алмасу үдерістерін үздіксіз жалғастырды келеді. Кері байланыс та жүргізіліп, оқушылар лайықты бағаларын алып, білімдерін толықтырды. Алайда, ұстаздар да, шәкірттер де мектепті сағынғандарын жасырмайды.
Оқу жылықталды. Алда бізді ең жауапты апталар тосып тұр. Себебі, оқушылар ҰБТ тапсыралы. Ол да көлемді жұмыстардың бірі. Осы жұмыстардың нәтижесі – оқушының еңбегінің жемісі, яғни, он бір жылдық білімінің бағасы болып табылады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші,ата-ана, оқушы, мұғалім болып жұмылып еңбектеніп, осы оқу жылын абыроймен аяқтайық дегім келеді.
Мәнсия ӘБЖАНОВА,
Макин орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Біржан сал ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар