Абзал жандарға мың алғыс

«Бірінші байлық – денсаулық» деп халқымыз тегін айтпаған ғой. Деннің саулығына, дененің ширақтығына, бойдың сергектігіне не жетсін! Бір күн болса да жадырап жүргенің, жайнап күлгенің сол денсаулықтың арқасы.

Қай жерің ауырса, жаның сол жерде тұратындай болатыны рас. Сырқат жас талғамайды, жассың ба, кәрісің бе, оған бәрібір. Жуырда ойламаған жерден қатты ауырып, Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасына түстім. Сол жерде жедел көмек көрсетілді. Ақ халатты абзал жандар барын салып қауіптің алдын алуға тырысты. Ақыры ота төсегіне таңылдым.
Талай науқастарды емдеп, жазып, жарық дүниеге қайта оралтқан дәрігерлерге сенбеске амалың жоқ. Құдайдан кейін менің де ендігі үмітім соларда болды. Ота сәтті аяқталып, мен де ақ халатты абзал жандардың адам жанының арашашысы екендігіне анық көзім жетті. Олардың жылы шырайлары, ыстық ықыластары мен ілтипатты сөздері отадан кейінгі күндерде де жаныма демеу болып, ауру азабын кейінге ысыртты.
Сондықтан да, өмір майданының алғы шебінде жүрген дәрігерлер қауымына өзімнің рахметімді айтуды, ыстық ықыласымды жеткізуді парызым деп білдім. Атап айтқанда, облыстық аурухананың хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі Бауыржан Сұрашұлы Ахметовқа, аға хирург Асқар Жүкенұлы Рәшитовқа, емдеуші хирург дәрігер Дулат Жамбылұлы Қабдырашитовқа, дәрігер-хирургтар Антон Михайлович Жук, Сергей Станиславович Демпринг, Ринат Амангелдіұлы Смайылов, Михаил Вячеславович Мирчанға, аға медбике Оксана Александровна Ляпова, медбике Ирина Әбжановаға зор рахметімді айтамын. Отбастарының амандығын, дендерінің саулығын, еңбектерінің жемісті болуын тілей келе, әрдайым осылай ауырып-сырқаған жандардың көңілінен шығып, өз міндеттерін адал атқара берулеріне шынайы тілектестігімді білдіремін.
Алда келе жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын! Қашанда халқымызға керек биіктен табылып, абыройға бөленіңіздер!
Рәбиға БАЯНБЕКОВА,
Көкшетау қаласының тұрғыны.

Суретте: аурухананың хирургия бөлімшесінің дәрігерлері. Бірінші қатарда бөлімше меңгерушісі Бауыржан Сұрашұлы Ахметов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар