Щучинск қаласындағы №9 мектеп-гимназиясының 11-ші сынып оқушысы Мәрзия Бекболатова 6-шы халықаралық “Жас ғалым” байқауында үшінші орын алды.
Облыстық білім басқармасының мәліметінше, мұндай байқау қазақстанның интеллектуалдық элитасын қалыптастыруға, сондай-ақ, талантты оқушыларды іріктеп, оларды қолдауға ықпал етеді.
Оңтүстік Корея елінде ұйымдастырылған байқау зерттеу жұмыстарын қорғау орыс және ағылшын тілінде 5 секция бойынша өтті. Онда “21-ші ғасырдағы тіл, мәдениет және құқық: тану сатысы» секциясында “Адам болмысын Абайша таны!” тақырыбында еңбегін ұсынған жерлесіміз Мәрзия Бекболатова жүлделі үшінші орынды иеленді.
Аслан ОСПАНОВ,
“Арқа ажарының” өз тілшісі.