Дәулет Жүкенов жас кезінен ауыл шаруашылығы техникасымен жұмыс істеуге ынталы болды. Түрлі ауыл шаруашылығы науқандарына қатысатын үлкендердің шет елдік техникаларына қызыға қарайтын. Өскен соң мен де сондай жаңа техниканың тізгінін ұстасам деп армандайтын.
Мектепті бітіргеннен кейін Дәулет өзгелер сияқты қандай мамандық таңдаймын, қандай оқуға барамын деп көп ойланған жоқ. Ауыл шаруашылығы колледжінің механикаландыру бөліміне оқуға түсіп, кәсіби білім алып шықты.
Оқу бітірген оған мамандығына сай жұмыс табу еш қиындық туғызған жоқ. Міне, біраз жылдардан бері Дәулет Бұланды ауданының Данилов селосындағы «Қайрат» шаруа қожалығында тракторшы болып еңбек етеді. Тәжірибелі механизатор өзіне тапсырылған жұмысты әрдайым тыңғылықты орындаумен көзге түсіп, ұжымда үлкен беделге ие болды. Ол өзіне сеніп тапсырылған «Кировец» тракторын күтіп ұстағандықтан, техника ауыл шаруашылығы науқандарында еш тоқтаусыз жұмыс істейді. Осыған орай, еңбек өнімділігі де жоғары. Ол өз тәжірибесін жастарға үйретуден де жалыққан емес. Ұжымда оны өз ісін жақсы білетін білікті маман ретінде сыйлап, құрметтейді.
Суретте: тәжірибелі механизатор Дәулет Жүкенов.
Суретті түсірен Берік Ескенов.