Бүгінгі Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин әр әкім коронавирусқа қатысты жағдайды жеке бақылауында ұстау қажеттігін айтты деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.
Премьер-Министр әкімдіктерге ірі кәсіпорындардың өз жұмыскерлерін жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету мәселесін пысықтауын қатаң тапсырды. «Ауыл шаруашылығы министрлігі профилактикалық санитарлық-ветеринарлық іс-шаралардың, оның ішінде әртүрлі инфекциялардың таралуына жол бермеу үшін вакцинация, эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізілуін қатаң бақылауды қамтамасыз етсін.
Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, жыл сайынғы халықты иммунизациялау жоспарын орындасын және коронавирус инфекциясына қатысты қазіргі жағдайды ескере отырып, іс-қимыл алгоритмін жаңартсын. Әрбір әкім коронавирусқа қатысты жағдайды тұрақты жеке бақылауында ұстасын», — деді Асқар Мамин.