Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бурабайда жер заңдарын бұзу жиі орын алуда - АРҚА АЖАРЫ

Бурабайда жер заңдарын бұзу жиі орын алуда

Жемқорлыққа қатысты заң бұзушылықтың ең көп орын алатын саласы жерге қатысты болып отыр. Жерге қатысты заңнамаларды бұзу оқиғалары әсіресе, Елорда маңындағы елді мекендерде және Бурабай курортты аймағында жиі көрініс беруде.

Облыстық прокуратура биылғы жылдың ақпан айында Бурабай кентінде жер телімін пайдалануға қатысты заң бұзушылықты анықтады. 4 ақпанда Бурабай кенті әкімінің өкімімен елді мекеннің бас жоспарына сәйкес келмейді деген себеппен жергілікті кәсіпкердің жер телімін уақытша пайдалану  құқығын одан әрі созудан бас тартылған.  Бас жоспарға сай келмейтін құрылыс нысанын салмақ болған кәсіпкердің әрекетіне жол бермеген кент әкімінің бұл шешімі жөн екен дейсің. Бірақ та, қызығы сол, арада он бес күн өткенде әлгі кәсіпкердің дәл сол құжаттарды ұсына отырып қайталап берген өтініші қанағаттандырылып, жер телімін пайдалану құқығы ұзартылған. Прокуратура қызметкерлері кейінірек анықтағандай, кәсіпкердің құрылыс нысанының нақты жобасы жөніндегі құжаты жоқ болып шықты. Оған қоса, Бурабай аудандық  жер қатынастары бөлімінің қорытындысы бойынша бұл жер телімі қонақүй тектес нысандар салуға болмайтын аймаққа жатады екен.

Сонымен, кенттің бас жоспарына сай келмейтін, оның үстіне нақты құрылыс жобасы жоқ және қонақүй салуға тыйым салынған аймақта орналасқан жерге құрылыс салуға рұқсат берген кент әкімдігінің бұл әрекетін қалай түсіндіруге болады?  Әкімдіктің бұл шешімі заң атаулыны теріске шығарып тұрған жоқ па.

Заңсыздыққа жол берген Бурабай кентінің әкімі мен аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысының үстінен тәртіптік іс қозғалып, ескерту түріндегі жаза қолданылды. Айта кету керек, жыл басынан бері Бурабай ауданында жер телімдерін пайдалануға қатысты 20 заң бұзушылық оқиғасы анықталған.

Қ.КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.

Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар