Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Гашиші бар суқыздырғыш» - АРҚА АЖАРЫ

«Гашиші бар суқыздырғыш»

Абылайхан Аслудинов пен Михаил Халус мүлдем қарапайым емес іспен айналысатын қарапайым ғана жас жігіттер. Олар қатардағы адамдардың қайғысы мен көз жасы арқылы нанға жағар майын, ал, дәл осы жағдайда уылдырығын тауып жүрді.

2019 жылдың жазында ҰҚК қызметкерлері жедел жолмен есірткі жеткізумен және оны сатумен айналысатын белгісіз адамдар туралы мәлімет алады. Есірткі трафигін ұйымдастырушыларды зерттеу бойынша ұзақ та ыждаҺатты жұмыс басталады. Ұзақ жедел зерттеу нәтижесінде ҚР ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлері есірткі барондары-сымақтарды кезекті есірткіні өткізу кезінде қолға түсіреді. Тінту барысында 10 килограмнан аса «гашиш» есірткі құралы алынады.
Тергеу Аслудиновтың теріс пиғылын іске асыру мақсатында есірткінің заңсыз айналымы үшін жазасын өтеп жатқан әкесі арқылы Ақмола облысының аумағында аса ірі мөлшерде есірткі жеткізу арнасын ұйымдастырған «К» деген Жамбыл облысының тұрғынына шыққанын анықтады.
Уағдаластық бойынша тауар 2018 жылдың желтоқсанында келіп жетеді де, оны Аслудинов өзінің уақытша тұрғылықты жерінде сақтап, жеке қауіпсіздігі мақсатында кезең-кезеңімен сатады.
Кәсіпкерлік қабілет Аслудиновтың қанында бар болатын. Қолына ақша түскен соң, ол гашиштің анағұрлым ірі көлемін сатып алу үшін тағы да «К»-ға шығады, бизнес өрге қарай дөңгелей бастайды. Алайда, «К» жалғыз ғана талап қояды – тауарды Аслудиновтың өзі тасымалдауы тиіс. Енді күдіктіге есірткіні астанаға Жамбыл облысынан тасымалдаудың егжей-тегжейлі жоспарын ойластыру қажет. Оңай ақша тапқысы келетін адамды табу қиынға соқпады. Осы сәтте мақаламыздың екінші кейіпкері – Ақмола облысы Атбасар қаласының тұрғыны Михаил Халус пайда болады. Айта кетейік, оның туған бауыры Аслудиновтың әкесімен бірлесіп, 250 килограмм есірткі құралын өткізу бойынша осыған ұқсас қылмыс үшін сотталған.
Міне, енді 2019 жылғы 24 сәуірде екі компаньон Нұр-Сұлтаннан Жамбыл облысының ауылдарының біріне жол тартады, онда «К»-мен кездеседі. Жергілікті есірткі дилерлерінің жасырыну шаралары мексикалық есірткі картельдерінен кем емес. Кейіпкерлер ауылда мемлекеттік нөмірлік тіркеу белгілері жоқ автомобильге ауысып, «К» тұратын басқа ауылға шығады. Одан әрі далалық жолмен жортып, «К» өзінің серіктестерін есірткі сақтау орнына алып келеді.
Жарты жол артта қалды, есірткі салынған қап Халустың машинасының жүк бөлігінде жатыр. Нұр-Сұлтанға назарға ілікпестен жүк әкелу қиынның қиыны. Алайда, бұл сұраққа да Аслудиновтың жауабы дайын еді. Компаньондар Жамбыл облысынан Алматыға бет алды, онда «Haier» маркалы жаңа су қыздырғыш сатып алады да, оның ішіне гашишты жасырады. Осылайша Аслудинов пен Халус ешқандай кедергісіз баратын жерлеріне жетеді де, «тауарды» тең екі бөлікке бөледі.
Бәрі ойдағыдай өткен сияқты, Аслудинов өзінің заңсыз әрекетінің жемісін көру керек еді. Алайда, адамды құртатын сараңдық қой. Оның ойына Ақмола облысы Целиноград ауданының 96-разъезі маңында автомобиль көпірінің жанында керемет қарқынмен өсетін сора өсімдігін жинау идеясы келеді, сол арқылы ол гашиш салмағын арттырумен қатар өз мерзімін де арттырғанын білмеген еді.
1-13 мамыр аралығында Аслудиновтың есірткі сатуының 2 фактісі тіркелген болатын. Осылайша оның «есірткі империясы» басталмай жатып аяқталды.
Дәлеледемелері, сот сараптамаларының нәтижелері және алынған есірткілері бар заңсыз әрекет Аслудиновтың 11 жыл 2 айға қашық жерлерге кетуіне себепші болды. Оның сыбайласы Халус 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қорыта келгенде, тек бір жағдайды атауға болады. Егер Аслудинов пен Халус өздерінің кәсіпкерлік таланттары мен күш-жігерін заңды арнаға бұрғанда, олардың тағдыры мүлдем басқаша болып, ең кем дегенде торсыз аспан астында жүрер еді.
Қ.БАЙСЕРКЕҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар