Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Індет пен міндет - АРҚА АЖАРЫ

Індет пен міндет

2020 жылдың әлем тарихында қалары сөзсіз. Биыл дүниежүзін пандемия жаулады. Коронавирус инфекциясы ешбір мемлекетті айналып өтпеді.

Қазақстан да сол қатарда. Елімізде наурызда төтенше жағдай жарияланды. Кәсіпорындар жұмысын уақытша тоқтатты. Мекемелер қашықтықтан жұмыс істеуге ауысты. Індет туралы, елдегі ахуал жайлы түрлі ақпарат тарады. Олардың ішінде жалған мәліметтер де аз болған жоқ.
Бұқаралық ақпарат құралдары халыққа шынайы, бейтарап мағлұматтарды жеткізуге міндетті. Қазақстандық баспасөз, телевизия өздеріне артылған жүкті абыроймен көтере білді деген пікірдемін. Алдағы уақытта да солай бола бермек.
Телевизия саласының өзіндік ерекшеліктері бар. Бейнесіз болмайды. Сюжетке сұхбат жазылуы тиіс. Сондықтан, бізге қашықтықтан жұмыс істеу мүмкін болмайды. Елімізде төтенше жағдай болғанда да, одан кейін де «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының жаңалықтар қызметі жұмысын тоқтатқан жоқ. Керісінше, қажет болған сәтте қосымша эфирге шығып отырды. Біз Ақмола облысындағы тілшілер қосыны да үздіксіз еңбек еттік.
Біздің аймақта індеттің алғашқы дерегі Целиноград ауданында тіркелді. Естіп, көру бір бөлек, сол ақпаратты өзің жазған бөлек екен. Кейін бұл дерттен көз жұмғандар да болды. Ол туралы да материал жасадық. Пандемияның қаншалықты қауіпті екенін тағы бір мәрте түсінген сәт еді бұл.
Қазақстан бойынша, облыс аумағында еріктілер қозғалысы жаңа серпін алды. Қиын өмірлік жағдайда қалған жандарға көпшілік көмек көрсетті. Жұмыла көтерген жүк жеңіл ғой. Түсірілім жасай жүріп, жерлестерімнің әрекетіне сүйсіндім.
Сондай жұмыс күндерінің бірінде басшылықтан дәрігерден сұхбат алу керек деген тапсырма түсті. Маманның аты-жөні белгілі. Артық ой жоқ, келістік те, түсірілімге шығып кеттік. Провизорлық орталықта істейді екен. Сұхбат жазу барысында ол кісінің науқастармен байланыста жүргенін естідік. Қауіпсіз емес. Алайда, бұл біздің жұмысымыз еді.
Әріптестерім де төтенше жағдай кезінде қызметтерін адал атқаруға тырыс-
ты. «Хабар» телеарнасының меншікті тілшісі Дамир Шайдаров талай рет тікелей эфирге шығып, аймақтағы
ахухалды жеткізіп тұрды. Жуырда ғана Айя Калягина науқастар коронавирустан ем қабылдап жатқан облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің инфекциялық бөлімшесінен материал әзірледі. Себебі, бұл оқырмандар мен көрермендерді ескерту үшін керек. Мақсат – әрбір адамды сақ болуға шақыру, індеттің қаупін түсіндіру.
28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні. Біздің кәсіби мереке. Барша журналистер қауымын, таспагерлерді, фототілшілерді, осы салада еңбек етіп жүрген өзге де мамандарды шын жүректен құттықтаймын! Еңбектеріңіз жемісті болсын. Әрқашан шынайы болайық. Халыққа пайдалы, қажетті, қызықты мақалалар, сюжеттер көп болсын. Журналист деген жауапты жұмысты абыроймен атқара білейік.
Ермек ЕЛБЕРГЕН,
«Қазақстан» ұлттық телеарнасының Ақмола
облысындағы меншікті тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар