Төл мереке құтты болсын!

Төрткүл дүниені тегіс жаман тұмау жайлағалы мылтықсыз майданның алдыңғы легінде қолына қалам ұстаған әріптестеріміз де жүр. Адам жанының арашашысы – ақ халатты абзал жандармен бірге. Күн сайын ел қамын жеген елгезек журналистер бастарын оққа байлап, оқиға орнынан, қауіп-қатердің өршіген тұсынан елді сақтандыру, қасіреттің алдын алу бағытындағы материалдарын жазуда.
Жалғыз осы ретте ғана емес, әманда осы. Жалпақ жұртты жақсылыққа ұйыту, ел бірлігін нығайту, олқылықтың орнын толтыру, жолын нұсқап көрсету орайында маңдайына жазылған жазарман қауымның тыным тапқан кезі жоқ. Біз білгендегі журналистиканың міндеті де осы.
Облыстық «Арқа ажарының» ұжымы да осы талап биігінен, міндет үдесінен шығып келе жатыр. Шыға да бермек. Оған көзі қарақты оқырманның бәрі куә. Газет бетіндегі тұрақты айдарлар бойынша шығып жатқан материалдардың қаузаған тақырыбы ұлтты ұйыту, ел ішіндегі жақсы бір мысалдарды негізге ала отырып, былайғы жұртты сондай ұтымды іске жұмылдыру. Осы жағынан келгенде облыстық газеттегі ойлы дүниелер әрдайым оқырманның тарапынан оң бағасын беріп жатады.
Бүгінгі төл мереке күні облыстық «Арқа ажары» газеті арқылы өңірдегі қолына қалам ұстаған, сол қаламы арқылы халқына қалтқысыз қызмет еткен әріптестерімізді құттықтай отырып, алдағы уақытта да зор шабытпен елге еңбегін сіңіре берулеріне тілектестік білдіремін. Мереке құтты болсын, құрметті әріптестер!
Байқал БАЙӘДІЛОВ,
республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Ақмола облысы бойынша меншікті тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар