Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өзімізді де, өзгелерді де сақтай білейік! - АРҚА АЖАРЫ

Өзімізді де, өзгелерді де сақтай білейік!

Ал, ағайын тағы да шектеулі жағдайда тіршілік жасауға көшеміз. Үкімет KOVID-19 аса қауіпті індетінің таралуына одан әрі жол бермеу мақсатында шілденің 5-інен бастап, 14 күнге қатаң шектеу шараларын белгіледі.

Қазіргі уақытта Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Үкімет те, жергілікті атқарушы орындар да Пандемияға қарсы күресті мейлінше ширата түсті.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев бұл мәселені ұдайы назарында және бақылауында ұстап отыр! Індетпен бетпе -бет күресіп жатқан Дәрігерлерімізге де мың алғыс! Олар ерлік жасап жатыр!

Бұған түсіністікпен қарағанымыз абзал! Әуелде осы індеттің таралып жатқандығына, талайларды жалмап жатқандығына да сенбей, бей-жай жүрдік.

Әлемді жалмап бара жатқан індеттен қалай сақтанамызды ойлаудың орнына «тойымыз өтпей қалды-ау,» «құдалығымыз қалып қойды-ау,» «шақыратын қонағымыз бар еді» «асымыз бар еді беретін» деген оймен қамсыз жүрдік.

Енді міне сол аса қауіпті індет көз алдымызға келіп қалды. Күн сайын қаралы хабар толассыз тарап жатыр. Бұл да бір халқымыздың басына келген Нәубат ағайын!

Елде үлкендер айтып отырушы еді, оба мен сүзектен, қызылшадан көп қырғын болғанын! Дүниеге әкелген, құрсағынан шыққан оншақты баласының Індеттен біреуі ғана аман қалған әжелерімізді өзіміз де көрдік. Бетін аулақ қылсын деңіз!

Бәріне де, түсіністікпен қарайық! Ендігі арада байбалам салып, кінәласудың, дау-дамайға ерік берудің жөні жоқ қой деп ойлаймын. Сабыр сақтап, одан да Індеттен қалай сақтанамыз, бала-шағамызды, көрші-қолаңымызды, айналамыздағы адамдарды қалай сақтаймыз және оларға нендей жәрдем бере аламыз деп ойланып, амалдасайық»

Ең басты көмек пен қамқорлық сол— Санитарлық дәрігерлер қойып отырған және Ерекше жағдайдың талаптарын қатаң орындайықшы! Тойды да қоя тұрайықшы!

Қазақстан Діни басқармасының бас Мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы осы кезде діни рәсімдердің тәртібін де күн қақсап айтып, қалың елге байланыс желілері арқылы таратып жатыр.

Әуелі өзімізді, сонан соң өзгелерді сақтайық!

Бір Құдайдың өзі сақтар деген «батырлық» Пандемияға жүрмейтін сыңайлы! Жаратушының өзі де «Сақтансаң -сақтармын!» дегенді айтқан дейді ғой пенделеріне!

Әйтеуір біздің ой, осы індеттен халқымыз зардап шегіп, зарлап қалмаса екен дегендік! Бетін аулақ қылсын!

Әрқайсымыз аман-сау болайықшы! Бір бірімізге тілекші болайықшы!

Талай бір індетті де, қолдан жасалған не бір нәубеттерді де өзінің ұстамдылығымен, ақыл-парасатымен, сабырымен, ағайыншыл, жанашырлығымен жеңе білген халқымыз бұл індеттен де құтылар, құлан таза айығар деген сенімдемін! Сол күнге тезірек жетейікші! Қара наның мен қара шайыңды уайымсыз ішіп, бала-шағаңмен көшеге уайымсыз шығудың өзі Бақыт екен-ау! Тәубамызға келейік!

Жабал Ерғалиев,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі.

#Жақыныңа жанашыр бол

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар