Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өз дәуірінің тұлғасы - АРҚА АЖАРЫ

Өз дәуірінің тұлғасы

Көкше өңірінде ел, халық игілігі жолында маңдай терін төгіп еңбек еткен ірі тұлғалар баршылық. Басшы болу – мәртебелі іс. Алайда, оның жүктелетін міндеті де зор. Сол ел алдындағы міндетін абыроймен атқара білген басшылардың бірі де бірегейі Оразбек Қуанышев.

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері үнемі жүрген жерінде мақтанышпен «Мен тың игерушімін» деп айтып жүреді екен. Әрқашан терең ойлайтын, алға қойған мақсатына қол жеткізе білетін, ұшқыр ойлы жан болған. Оның жұмыс күні таң сәріден кешқұрымға дейін созылған.
Отбасына да берік жан болған, қаншама жұмыс басты болса да, әрқашанда үй ішіне уақыт таба білген. Жұбайы Бану Жұмабекова, ұлдары – Дулат, Марат, Талғат, Тимур, қызы Гүлнәр әкесінің жақсы қасиеттерін, адалдығы мен қарапайымдылығын бойларына сіңіріп өскен. Барлығы өмірден өз жолдарын таба білді.
Оразбек Сұлтанұлы талапшыл басшы, шаршауды білмейтін, өте еңбекқор, турашыл, қарапайым, адамдармен тез тіл табыса білетін, білікті, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, өз ісіне адал жан болған екен. Өзінің бар саналы өмірін халқына, еліне қызмет етуге арнап, оның игілігін арттыру жолында беріле қызмет еткен. Енді Оразбек Сұлтанұлының өмірбаянына қысқаша тоқтала кетсек.
Оразбек Сұлтанұлы Қуанышев 1935 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Атбасар ауданы Қаратоғай ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1952 жылдан Атбасар ауданы Жаңатұрмыс мектебінде мұғалім болып бастады. 1953 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтына түсіп, оны 1958 жылы бітіргеннен кейін бөлімше агрономы, «Шуйский» совхозының бас агрономы, аудандық жоспарлау комитетінің экономисі, Атбасар ауданы Э.Тельман атындағы совхоздың директоры болып жұмыс істеді.
1965-1971 жылдары Оразбек Сұлтанұлы Астрахан аудандық партия комитетінің екінші хатшысы қызметін атқарады. Кейін Целиноград облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, Атбасар аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы лауазымы міндеттерін атқарады.
1971-1978 жылдары – Целиноград аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, 1978-1985 жылдары – Қазақстан Компартиясы Көкшетау облыстық комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет істейді.
1980 жылы социалистік міндеттемелерді, сондай-ақ, астық және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және сатып алу бойынша оныншы бесжылдықтың жоспарын асыра орындауда қол жеткізген жетістіктері үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1981 жылғы 19 ақпандағы Жарлығымен О.С.Қуанышевке Ленин ордені және «Орақ пен Балға» алтын медалі табыс етіліп, Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Бірнеше партия съездерінің делегаты, КСРО Жоғарғы Кеңесі мен Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің депутаты болды. КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған.
Оразбек Сұлтанұлы Көкшетау қаласын, Көкше елін өркендетті, өзі де биік белес-
ке көтеріле білді. Бүгінде осы дара тұлға біздің арамызда жоқ. Бірақ, оның ел үшін, туған жер үшін істеген қызметі мәңгі біздің есімізде қалады. Соның бір дәлелі, Ақмола облысының мемлекеттік архив қызметкерлерінің «Уақыт және Тұлға», «Социалистік Еңбек Ерлері» кітаптарын шығаруы. Жинақтарда Көкше өңірінен шыққан ірі тұлғалардың өмір жолдары, қызметтері туралы жазылған. Солардың ішінде Социалистік Еңбек Ері, мемлекет және қоғам қайраткері Оразбек Қуанышевтің есімі де бар.
Оразбек Сұлтанұлы Қуанышевтің еңбекқорлығы, өз қызметін атқарудағы жоғары шеберлігі, жас ұрпақ үшін қашанда үлкен үлгі-өнеге болып қала бермек.

Әсем ӘЛДІБЕКОВА,
Ақмола облысының мемлекеттік архивінің архивисі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар