Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жыл басынан бері елімізде 234 187 адам пневмония дертіне шалдыққан - АРҚА АЖАРЫ

Жыл басынан бері елімізде 234 187 адам пневмония дертіне шалдыққан

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова жұмыс берушілерге нысандарда санитарлық-дезинфекциялық талаптардың қатаң сақталуы қажеттігін ескертті.

Бас санитарлық дәрігердің хабарлауынша, жыл басынан бері елімізде пневмония дертіне 234 187 адам шалдыққан. Соңғы жиырма күннің ішінде 63 491  науқас ауруханаға жатқызылған. Бүгінгі таңда 45 мың науқас стационар жағдайында ем қабылдауда.

Сондай-ақ, Айжан Есмағамбетова елімізде карантиннің алынып тасталуы немесе ұзартылуы және қатаңдатылуы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты екенін айтты.

–Карантин режимі аяқталсын десек, бәріміз санитарлық талаптарды сақтауымыз керек. Яғни қоғамдық оындарда, көшеде маска тағып, барынша оқшауланып, жеке бас гигиенасын сақтауымыз қажет, – деген бас санитарлық дәрігер еңбек ұжымдарында жұмыс берушілер нысандарда санитарлық талаптардың сақталуын қадағалауы тиіс екенін мәлімдеді. Ол үшін әр сала нысандарына жеке алгоритм құрастырылған, сонда жұмыс берушіге, жеке тұлғаларға және қызмет алушыларға қатысты барлық талаптар тайға таңба басқандай жазылған.

–Әркім өз жұмыс орнында осы талаптарды орындаса, карантинді біртіндеп жеңілдетеміз деген үміттемін, – деді ол.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар